Республикалық «М.Мақатаев» оқуларының қалалық кезеңі қорытындысы

2023 жылдың 8 сәуір күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы №74 мектеп-гимназиясы базасында 8 – 11 сынып оқушылары арасында республикалық «М.Мақатаев» оқуларының қалалық кезеңін өткізді. Мақсаты: оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге, ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда дәйекті жеткізуге баулу. Ережеге сәйкес […]

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы

2023 жылғы сәуір айының 4-7 күндері аралығында онлайн форматта Google Meet платформасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсы 4 бағыт, 19 секция бойынша өтті.Конкурстың әрбір секциясы алдын ала жоспарланған кесте бойынша өткізілді. Астана қаласынан 47 жобамен 58 оқушы қатысты.Қорытынды кезеңнің нәтижесі бойынша, конкурс ережесіне сәйкес, жеңімпаздар мен жүлдегерлер […]

«Қазақ поэзиясының Құлагері» қалалық Ілияс Жансүгіров оқулары

2023 жылдың 07 сәуірінде Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп гимназиясында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 8-11 сынып оқушылары арасында «Қазақ поэзиясының Құлагері» қалалық Ілияс Жансүгіров оқуларын өткізді. Оқудың мақсаты:- жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау;- жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, […]

Леонард Эйлер атындағы Математикалық олимпиаданың қорытындысы

Леонард Эйлер атындағы олимпиаданың Қазақстан ұлттық ұйымдастыру комитеті өткізген қорытынды кезеңі 2023 жылы 28-30 наурыз күндері аралығында Алматы қаласында өтті. Олимпиада үш кезеңде өтті: қашықтық, аймақтық және қорытынды.Олимпиадаға қатысушылар – 8 сынып оқушылары, сондай-ақ 8 – сыныптарға арналған тапсырмаларды орындаған төменгі сынып оқушылары. Астана қаласының командасының намысын соңғы кезеңде 6 жас математик : 5 оқушы […]

Елордалық оқушылардың еліміздегі ең беделді әрі ауқымды Олимпиададағы кезекті жеңісі

2023 жылдың 20-25 наурызында Шымкент қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.Астана қаласынан жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша (9-11 (12) сыныптар) 70 оқушы қатысты.Елордалық жас зияткерлер Олимпиададағы тамаша жетістіктерімен қуантуда. Жас олимпиадашылар ​ 50 жүлделі орынға ие болып, жоғары білім деңгейлерін тағыда дәлелдеді, Астана қаласының қоржынында: 7 алтын, 18 күміс және 25 […]

2-7-сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың «Зерде» ұлттық конкурсы республикалық кезеңінің елордалық жас зерттеушілерін марапаттау

Астана қаласының №86 мектеп-гимназиясы базасында 2023 жылдың 24 наурыз күні 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың «Зерде» ұлттық конкурсы республикалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың өзі ағымдағы жылдың 16-18 наурыз аралығында “Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру орталығында ұйымдастырылып өткізілді. Конкурстың республикалық кезеңінде қалалық кезеңі бойынша үздік атанған Астана қаласының 45оқушысы өз жобаларын […]

8-11 сынып оқушыларына арналған Ө.М. Сұлтанғазин атындағы қалалық математикалық олимпиадасы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2023 жылдың 18 наурызында 8-11 сынып оқушыларына арналған Ө.М. Сұлтанғазин атындағы қалалық математикалық олимпиаданы №56 мектеп-лицейінің базасында өткізді. Олимпиадаға Астана қаласының 74 білім беру мекемелерінен 298 оқушы қатысты (8-сынып-80, 9-сынып-74, 10-сынып-76, 11-сынып-68). Қазылар алқасының шешімімен қатысушылар келесі жүлделі орындарға ие болды:8 сынып:І орын-3;ІІ орын-8;ІІІ […]

ІІ қалалық «Бестемше» ұлттық ойыны жарысының аудандық кезеңі қорытындысы

«Астана дарыны» дарынды жастар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Астана қаласы тоғызқұмалақ федерациясымен бірлесе отырып мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі  мектепалды топтары арасында ІІ қалалық «Бестемше»  ұлттық ойыны жарысының аудандық  кезеңін 2023 жылдың  15-16 наурыз  күндері  №71 «Мөлдір» (Алматы/Есіл аудандары) және №67 «Шұғыла» (Байқоңыр/Сарыарқа) балабақшаларында өткізді.       Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы және халықаралық деңгейдегі жаттықтырушылардың […]

Елордалық жас зияткерлер халықаралық беделді олимпиадалардан
2 күміс және 8 қола медаль алып келді!

2023 жылы 13-15 наурыз күндері аралығында Алматы қаласында «РФММ» КЕАҚ базасында екі ауқымды интеллектуалды олимпиада: Халықаралық қашықтық Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы (АТХО) және «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасы (ЖЖХО) өтті. Олимпиаданың мақсаты : Математика ғылымы саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау үшін жағдай жасау, қатысушы елдер арасындағы халықаралық білім және ғылыми байланыстарды дамыту. Кіл мықты […]

7-8 сынып оқушылары арасында география пəнінен Ұлттық олимпиаданың финалдық (қалалық) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 7-8 сынып оқушылары арасында география пəнінен Ұлттық олимпиаданың финалдық (қалалық) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімін 2023 жылдың 14 наурызында №72 мектеп-лицейінде өткізді. Олимпиадаға KAZMEDIA HOLDING ЖШҚ «National Geographic Qazaqstan» журналы демеушілік көрсетіп, сыйлықтарын табыстады. Олимпиаданың мақсаты: Географиялық білімнің, дағдылардың және географиялық зерттеулерге белсенділігінің […]