Аталған кезең Астанада №50 мектеп-лицейі, №87 мектеп-гимназиясы, №80 мектеп-гимназиясы, №78 мектеп-гимназиясы базаларында өтіп жатыр. Бұл білім сайысының ұйымдастырушысы — республикалық “Дарын” ғылыми-практикалық орталығы.
Астана қаласы бойынша биыл 3000-нан астам оқушы өз бақтарын сынайды. Бұл көрсеткіш өткен оқу жылымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Қатысушылар санының артуына елордада жаңа мектептердің ашылуы мен оқушылардың ғылымға деген қызығушылығының артуы себеп болып отыр.
Олимпиаданың басты мақсаты — орта буын оқушыларының білімге деген ынтасын арттыру, қабілетті балаларды анықтау және олардың әрі қарай дамуына мүмкіндік жасау.
Үздік нәтиже көрсеткен оқушылар қалалық кезеңге жолдама алады.
https://www.instagram.com/p/DRyqrrXDNAF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==