📢 «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 🏫 Tamos Space School жекеменшік мектебімен бірлесіп, 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық астрономиялық 🪐 «ASTRO SPACE SCHOOL» турнирінің (бұдан әрі – Астротурнир) іріктеу кезеңінің басталғанын хабарлайды!
✨ Астротурнир – бұл орта және жоғары сынып оқушыларының күрделі 🧩 зерттеу және ғылыми 🏆 мәселелерді шешу, өз шешімдерін сенімді түрде ұсыну, оларды ғылыми талқылауларда – «шайқас» ⚔️ кезеңдерінде қорғау қабілеттерін тексеретін жеке-командалық жарыс.
📩 Қатысу үшін:
Конкурстың іріктеу кезеңіне қатысу үшін сұранысты 2025 жылдың 7 ақпанына дейін ✉️ astrospace@tamosspace.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет.
