2025 жылы 28-30 сәуір күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен республикалық «ProEco» конкурсы өтеді.
Елордадағы әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының базасында 5-8 сынып оқушылары арасында 4 номинация бойынша өтетін байқауға Астана қаласының білім беру мекемелерінен 4 оқушы қатысады:
? «Туған өлке табиғаты» бағыты бойынша – Ғабит Аруна, №77 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы;
? «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» бағыты бойынша – Болсынова Айша, №9 «Зерде» МЛ, 8-сынып оқушысы;
? «Үздік экологиялық бастама» бағыты бойынша – Ермекұлы Нұрбақыт, Шаяхмет Айзат, №40 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары;
? «Таза қала сізден басталады» бағыты бойынша – Нағашбай Аружан, №107 орта мектебінің 8-сынып оқушысы.
? Қатысушыларға сәттілік тілейміз! ?
