Астаналық «Skillset» командасы FIRST халықаралық чемпионатындажеңіс тұғырынан көрінді

   Астаналық оқушылар FIRST(For Inspiration and Recognition of Science and Technology) халықаралық чемпионатында сәтті өнер көрсетті.

    «Астана дарыны» орталығы «Skillset» мектебінің  жас зияткерлерін Хьюстон қаласында өткен FIRST чемпионатындағы тамаша жетістіктерімен  құттықтайды!
     110 елден 50 мыңнан астам жас талант жиналған  беделді әлемдік додада жүлделі орынға ие болу –  қазақстандық жастардың жоғары дайындығы мен сарқылмас әлеуетінің айқын дәлелі!
     Суасты әлемін зерттеу мен қорғауға арналған биылғы чемпионат жас инженерлер мен өнертапқыштарды инновациялық шешімдер жасауға шабыттандырды. Астана қаласының оқушылар командасының осы күрделі және өзекті саладағы жетістігі ерекше құнды.

FIRST (For Inspiration and Recognition of Science and Technology) бағдарламасына қатысу оқушыларға STEM-ғылымдар (ғылым, технология, инженерия және математика) әлеміне есік ашып, сыни ойлауды, техникалық дағдыларды, көшбасшылық қасиеттерді және командада жұмыс істеу қабілетін дамытуға ықпал етеді. Осындай ауқымды чемпионатта күміс медаль алу – бұл балалардың талантына берілген лайықты баға ғана емес, сонымен қатар олардың ғылым мен технология саласындағы болашақ көшбасшылары ретінде қалыптасуындағы маңызды қадам.
Біз өз зияткерлерімізді мақтан тұтамыз және оларға таным мен инновация жолында толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз! Олардың жетістігі – білімнің биік шыңдарын бағындыруға ұмтылған барлық жас қазақстандықтарға ерекше жігер беретіні анық.