«Астана дарыны» әдіскерлері – әрқашан трендте

Орталықтың әдіскерлері қашанда заманауи трендтерді жіті бақылап, білім беру үдерісіне жаңа форматтар мен тиімді әдістемелерді енгізіп келеді.
Жаңа технологиялар, жаңа олимпиадалар, жаңа оқу құралдары – барлығы оқушыларға сапалы қолдау көрсету үшін үздіксіз қолданысқа енгізілуде.

Біздің басты мақсатымыз – оқушыларды қолдау, олардың қызығушылығын арттыру, ынталандыру және таланттарының ашылуына жол ашу. Әдіскерлер командасы әрбір олимпиадаға, байқауға және жобаға жоғары жауапкершілікпен қарап, қатысушылардың өз әлеуетін толық көрсетуіне жағдай жасайды.

Дарынды балалардың жетістігі – біздің ең үлкен мотивация.
Олардың жаңа жеңістеріне серпін беріп, білім жолындағы тынымсыз еңбегіне демеу болу – орталығымыздың басты бағыты.

https://www.instagram.com/reel/DRzgVckDBHJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==