«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейімен бірлесіп, 2026 жылғы 4 сәуірде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Әлімхан Ермековтің 135 жылдығына орай «Әлімхан әлемі» қалалық байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты: Әлімхан Ермековтің тұлғалық және ғылыми мұрасын насихаттау арқылы оқушылардың отансүйгіштік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Байқау екі бағыт бойынша ұйымдастырылады:
- І бағыт: «Әлімхан әлемі» зияткерлік үстел ойыны (мемлекеттік тілде өтеді);
- ІІ бағыт: «Ғылымның дәлдік өрнегі» – 9–10 сынып оқушыларына арналған математика пәнінен олимпиада.
Өтетін орны:
Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейі
(Ғабит Мүсірепов көшесі, 8/2)
Тіркеу уақыты: 08:15–08:45
Басталуы: 09:00
https://www.instagram.com/p/DWrS2bECIHG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==