Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2026 жылғы 4 сәуірде «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының қалалық кезеңін өткізді.
Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының базасында өткен байқауға елорданың білім беру ұйымдарынан 96 оқушы қатысты.
Қатысушылар «Абайдың асыл мұрасы», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары», «Әнді сүйсең менше сүй», «Өлеңге әркімнің ақ бар таласы» және «Сөз өнеріндегі Ұлы Абай бейнесі» номинациялары бойынша бақ сынады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз.
https://www.instagram.com/reel/DWtFcnNCG3s/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==