Астана қаласында 7–8 сынып оқушылары арасындағы аудандық олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиадаға 1500-ден астам дарынды оқушы қатысып, 90 минут ішінде 30 сұраққа жауап берді. Бұл нағыз интеллект баттл болды, онда оқушылардың білім деңгейі, логикалық ойлау қабілеті мен тез шешім қабылдау шеберлігі сыналды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — қабілетті балаларды анықтау, олардың білімге деген ынтасын арттыру және келесі кезеңдерге дайындау. Келесі кезеңге өткен оқушыларды құттықтаймыз және оларға сәттілік тілейміз!
https://www.instagram.com/reel/DR2WlCxjJ1J/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==