Жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиада

2021 жылдың 22 ақпанынан бастап жалпы білім беретін пәндер бойынша
жыл сайынғы қалалық олимпиада басталды. Олимпиадаға Нұр-Сұлтан
қаласының 94 білім беру мекемесінен 1300-ден астам оқушы қатысады, оның
ішінде: 19 орта мектеп, 27 мектеп-лицей, 33 мектеп-гимназия, 6 дарынды
балаларға арналған мамандандырылған мектеп және 9 жеке мектеп.


Олимпиада апта бойы, күн сайын бірнеше пән бойынша өтеді:
22 ақпан – химия, биология;
23 ақпан-физика, география;
24 ақпан-математика, информатика;
25 ақпан-Қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті
26 ақпан-Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, өзін-өзі тану, ағылшын,
неміс және француз тілдері.


Олимпиада қорытындысы бойынша 2021 жылдың 2 наурызында
онлайн режимде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Нұр-Сұлтан қаласы білім
басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен және медальдармен
марапаттау рәсімі өтеді. Сондай-ақ, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы
номинациялар беріледі: “Олимпиаданың жаңа есімі-2021”, “Олимпиаданың
ең жас қатысушысы-2021″, “Олимпиаданың абсолютті жеңімпазы-2021”,
ЖМБ және ГҒБ (І, ІІ және ІІІ дәрежелі) бағыттары бойынша “Үздік олимпиадалық команда-2021”.

Олимпиаданың әр күні аяқталғаннан кейін “Астана дарыны” ДДжПС
сайтында және telegram-каналында қатысушылардың жұмыстары, дұрыс жауаптары және пәндері бойынша хаттамалар жарияланады.