📅 2025 жылдың 10 – 11 қаңтар күндері Алматы қаласы Сүлеймен Демирель университетінің базасында педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсы өтті. 🏫
👩🏫 Аталған конкурсқа елордалық 13 білім беру ұйымынан (№2 мектеп-гимназиясы, №5 гимназия, №9 «Зерде» мамандандырылған лицейі, №22 мектеп-гимназиясы, №28 мектеп-лицейі, №84 мектеп-лицейі, №87 мектеп-гимназиясы, №111 орта мектебі, №101 орта мектебі, №104 орта мектебі, Ыбырай Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі, Қаныш Сатпаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі, «Smart technological school») 14 педагог қатысты.
🏆 Конкурстың қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті:
🥉 ІІІ орын – 7 (№2 мектеп-гимназиясы, №22 мектеп-гимназиясы, №28 мектеп-лицейі, №87 мектеп-гимназиясы, №101 орта мектебі, №111 орта мектебі, Ыбырай Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі);
📜 Грамота – 5 (№5 гимназия, №9 «Зерде» мамандандырылған лицейі, №84 мектеп-лицейі, Қаныш Сатпаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі, «Smart technological school»).
🎉 Жүлдегерлерді құттықтаймыз!