«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы жұмыс жоспарына сәйкес 🧠 «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесе отырып 📆 2025 жылдың 06 қаңтарында Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған 🏆 «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының қалалық кезеңін өткізді.
🎯 Мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру және мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту.
👩🏫 Олимпиадаға аудандық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері болған 67 бастауыш сынып педагогтері қатысып, нәтижесінде:
🥇 І – 8,
🥈 ІІ – 8,
🥉 ІІІ – 14
📜 Грамота – 7 педагог иеленді.
🏅 І орын иегері болған 8 педагог олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама алды.
🎉 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!