«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес «Роботек» робототехника мектебімен бірлесе отырып желтоқсан айының 21-22 күндері робототехникадан «Robotek Grand Tournament» қалалық іріктеу чемпионатын (бұдан әрі – Чемпионат) №8 мектеп-лицейінде (С.Сейфуллин к. 50) өткізеді.
Чемпионаттың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау және оларға роботтарды жобалау және бағдарламалау саласы, инженерлік ғылымдар, басқа да инновациялық білім беру технологиялары бағытында қолдау көрсету.
Чемпионатқа әр мектептен 7 санаттағы жас аралығы бойынша 7 команда қатысады.
Барлық сұрақтар бойынша: +7 (700) 772-28-31 (WhatsApp), e-mail: rgt@robotek.kz.