Жалпы білім беретін пәндерден республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІІ (тестілеу) кезеңі өтеді 📚

Жалпы білім беретін пәндерден республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІІ (тестілеу) кезеңі өтеді 📚

📍 Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылы 19 желтоқсанда Астана қаласындағы білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндерден республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІІ (тестілеу) кезеңін өткізеді.

🏢 Өтетін орны: Astana IT University
📬 Мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/11

🎓 Конкурсқа қатысушылар: Республикалық ғылыми жобалар конкурсы ІІ кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

📊 Формат: Әр пән бойынша үш деңгейлік күрделілікпен құрастырылған 60 тапсырма беріледі.
⏱ Тест орындау уақыты: 2 сағат (120 минут).
🌟 Максималды ұпай саны: 120.

🕘 Тестілеу екі ағымда өтеді:
1 ағым:
🕙 Сағат 10.00-12.00
📝 Тіркеу: Сағат 09.00-09.45
🔬 Секциялар:

👥 Адам және қоғам
🧬 Биология
🌍 Жер және ғарыш туралы ғылым
💻 Информатика
📐 Қолданбалы математика
➗ Математика
📚 Орыс әдебиеті
🔭 Физика
🧪 Химия
💼 Экономика
2 ағым:
🕑 Сағат 14.00-16.00
📝 Тіркеу: Сағат 13.00-13.45
🔬 Секциялар:

📖 Қазақ әдебиеті
🖋 Қазақ тілі қазақ мектебінде
🖋 Қазақ тілі орыс мектебінде
🌱 Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы
📘 Орыс тілі орыс мектебінде
📘 Орыс тілі қазақ мектебінде
🗺 Өлкетану
🏺 Тарих
⚙️ Техника
🌐 Тіл білімі (ағылшын тілі)
🧩 Этномәдениеттану қазақ мектебінде
🧩 Этномәдениеттану орыс мектебінде
📌 Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! 🎉