02-12 желтоқсан аралығында Бухарест (Румыния) қаласында жасөспірімдер арасындағы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO) өтеді.
Жасөспірімдер арасындағы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиада (IJSO) – 15 жасқа дейінгі оқушыларға арналған халықаралық жарыс.
Қатысушылар үш пән бойынша :физика, химия және биологиядан теориялық, практикалық білімдерін көрсетеді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты-оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығын арттыру.
Қазақстан құрама командасының намысын 6 жас зияткер қорғайды, олардың ішінде «Nurorda» мектеп-лицейінің 10 – сынып оқушысы Ибраимов Абдижан да бар.
Қазақстан командасына халықаралық олимпиадада жоғары нәтиже мен жүлделі орындар тілейміз!