2024 жылдың қазан айында 20 іс-шара өткізілді (1 – қаладағы мектепке дейінгі мекемелер үшін):
- республикалық – 6;
- қалалық (1 мектепке дейінгі мекемелер үшін) – 11;
- аудандық – 1;
- Президенттік олимпиаданың I өңірлік кезеңі – 1;
- Президенттік олимпиаданың ІІ іріктеу кезеңі – 1 .
Бұл іс-шараларға 2785 адам қатысты: 462 мұғалім, 1307 елордалық мектептердің оқушылары және 1016 мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері.
Республикалық олимпиадаларға 11 оқушы қатысып, 9 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды:
І орын – 3;
ІІ орын – 4;
ІІІ орын – 2.
Қалалық олимпиадаларға 1148 оқушы және мектепке дейінгі мекемелерден 1016 тәрбиеленуші қатысты. Барлығы 1619 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды: жалпы білім беретін мектептердің 713 оқушысы және мектепке дейінгі мекемелердің 609 тәрбиеленушісі. Олардың ішінде:
№ | Қатысушылар санаты | Бас жүлде | І орын | ІІ орын | ІІІ орын | Барлығы |
1 | Мектеп оқушылары | 4 | 340 | 223 | 146 | 713 |
2 | Мектеп жасына дейінгі балалар | 292 | 278 | 336 | 609 | |
Барлығы | 4 | 632 | 501 | 482 | 1619 |
Интеллектуалдық іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімі
№ | Іс – шаралар | Қатысушылар саны | Жүлделі орындар | |||
І | ІІ | ІІІ | Барлығы | |||
1. | XVII Президенттік олимпиаданың I өңірлік кезеңі | 73 | ||||
2. | XVII Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңіне олимпиаданыңII кезеңі | 21 | ||||
3. | Қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауы | 1016 | 292 | 278 | 336 | 906 |
4. | Қ. Сәтбаев атындағы 9-11 сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша олимпиадасы | 3 | 1 | 2 | 3 | |
Барлығы: Іс-шаралар – 4 | 1113 | 293 | 280 | 336 | 909 |
1) 2024 жылдың 08 қазан күні өткен 11-сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVII Президенттік олимпиаданың I өңірлік кезеңіне 63 білім беру мекемелерінен барлығы 73 оқушы қатысты. Президенттік олимпиаданың I өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша төрт пәннен (математика, физика, химия, биология пәндері) жоғары балл жинаған 21 оқушы келесі кезеңге өтті.
2) 2024 жылдың 17 қазан күніжаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVII Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңіне олимпиаданың II кезеңінде іріктелген 21 оқушы қатысты.Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңіне қатысқан 21 оқушының 17-сі қорытынды бойынша республикалық кезеңге жолдама алды.
3) 2024 жылдың 17-18 қазан күндері Мемлекеттік және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік балабақшалардың мектепалды даярлық топтары арасында қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауы М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында «Хореография», «Балалар музыкалық аспаптарында ойнау», «Вокалдық топ», «Вокал» номинациялары бойынша өтті. Өнер байқауының қалалық кезеңінде «Хореография», «Балалар музыкалық аспаптарында ойнау», «Вокалдық топ», «Вокал» номинациялары бойынша 1016өнерпаз қатысты. Өнер байқауының қорытындысы бойынша 906 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: I орын – 292, II орын – 278, III орын – 336.
4) 2024 жылдың 28 қазан 01 қараша күндері аралығында Жезқазған қаласында Қ. Сәтбаев атындағы 9-11 сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша олимпиадасы өтті. Олимпиадаға елордалық 3 жас химик қатысып, 100% сапа көрсетті, оның ішінде: №27 мектеп-лицейінің оқушысы Гранковская Елизавета алтын медаль, «Nurorda» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Ибраимов Абдижан және Canadian халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Тарих Равиль күміс медаль иегері атанды. I орын – 1, II орын – 2.
Дарынды оқушылардың жоба жұмыстары мен конкурстарын ұйымдастыру бөлімі
№ | Іс – шаралар | Қатысушылар саны | Жүлделі орындар | ||||
Бас жүлде | І | ІІ | ІІІ | Барлығы | |||
1. | «Махамбет оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы | 2 | 1 | 1 | |||
2. | «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы | 2 | 1 | 1 | 2 | ||
3. | Республикалық «Менің шағын Отаным» инетеллектуалдық конкурсы | 4 | 1 | 2 | 3 | ||
4. | «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңі | 84 | 4 | 13 | 20 | 37 | |
5. | «Ілияс Жансүгіров оқулары» республикалық байқауының қалалық кезеңі | 76 | 4 | 4 | 12 | 18 | 38 |
6. | Жазушы, журналист Әсет Сыздықовпен кездесу | 100 | |||||
7. | «STEM Олимпиада – білім берудегі инновация» олимпиадасының қалалық кезеңі | 250 | 5 | 5 | |||
Барлығы: Іс -шаралар – | 518 | 15 | 27 | 40 | 86 |
1) 2024 жылдың 3-4 қазан күндері Атырау қаласында «Махамбет оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы өтті. Оқушылар арасында Махамбетшығармаларын насихаттау мақсатында өткен білім бәсекесіне Астана қаласынан 2 оқушы қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша:ІІІ орын – 1.
2) 2024 жылғы 21-22 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасын «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті. Жасақындар айтысынаАстана қаласынан2 оқушы қатысып, нәтижесінде: І орын – 1, ІІІ орын – 1.
3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 27-29 қазан аралығында Өскемен қаласында 9-10 сынып оқушылар арасында Республикалық «Менің шағын Отаным» интеллектуалдық конкурсы өтті.
9-10 сынып оқушылар арасында 4 номинация («Менің шағын Отанымның тарихы», «Шағын Отанымның символы», «Менің шағын Отанымның болашағы», «Менің шағын Отанымнан шыққан тұлғалар») бойынша өткен конкурсқа Астана қаласынан 4 оқушы қатысты, нәтижесінде: І орын – 1, ІІ орын – 2.
4)2024 жылғы 8 қазанда жас тарихшылардың Республикалық «Менің шағын Отаным» интеллектуалдық конкурсының І (аудандық) кезеңі өтті. Елордадағы №80 мектеп-гимназиясының базасында 9-10 сынып оқушылары арасында өткен конкурсқа Астана қаласындағы жалпы білім беру мекемелерінен 174 оқушы қатысып, Қазақстан тарихы бойынша тест тапсырмаларын орындады. Тестілеу қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған 84 оқушы ІІ (қалалық) кезеңге жолдама алады.
5) 2024 жылдың 16 қазан күні №80 мектеп-гимназиясының базасында 9-10 сынып оқушылары арасында жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VІІ республикалық интеллектуалдық конкурсының ІІ (қалалық) кезеңі өтті. Конкурсқа Астана қаласының жалпы білім беру мекемелерінен 84 оқушы қатысты. Жеңімпаздар саны – 37: І орын – 4 , ІІ орын-13 , ІІІ орын -20 . Грамота- 19.
6) 2024 жылғы 18 қазанда№9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің базасында жазушы, журналист Әсет Сыздықовтың «Алматы кереметі» («Алматинское чудо») кітабының презентациясы өтті.
Роботехника бойынша ерекше жетістікке жеткен «Шабдалы» мектеп командасы туралы көркем әңгіме жанрнда жазылған «Алматы кереметі» («Алматинское чудо») кітабының презентациясына роботехникаға қызығушылық танытып, робототехника бойынша қалалық, республикалық және халықаралық сайыстарға қатысып жүрген елордалық 100-ден астам жас дарын қатысты.
Кездесуде автор кітаптың жазылу тарихына тоқталып, мектеп командасы туралы кітап жазу идеясының қалай пайда болғанын, кітап кейіпкерлерімен қалай кездескенін, материалдарды жинау және кітап шығару барысында қандай қиындықтарға тап болғанын айтып береді.
7) 2024 жылдың 19 қазанда Астана қаласындағы «Quantum Tech School» мектебінің базасында «STEM Олимпиада – білім берудегі Инновация» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті.
Олимпиаданың қалалық кезеңіне 70 мектептен қатысқан 78 команданы құрайтын 250 дарынды оқушы инженерлік механика, бағдарламалау және 3D модельдеу секілді пәндер бойынша жарысты. Олимпиадаға Елордадан 30-дан астам команда қатысты. STEM Олимпиадасының қорытындысы бойынша астаналық 5 үздік команда анықталып, халықаралық кезеңге жолдама алды.
Педагогикалық шеберлік және ұйымаралық жобалар бөлімі
№ | Іс-шаралар | Қатысушылар саны | Жүлделі орындар | |||
І | ІІ | ІІІ | Орындар саны | |||
Педагогтердің қатысуымен | ||||||
1 | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілеріне арналған «Мектепке дейінгі білім берудегі таланттар мен дағдыларды дамытудың инновациялық тәсілдері» семинары | 124 | ||||
2 | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері, педагогтері және әдіскерлеріне арналған I қалалық «Зерттеу жұмысы» конкурсы | 79 | 7 | 10 | 16 | 33 |
3 | «Оқушыларды гуманитарлық цикл пәндері бойынша олимпиадаларға дайындау» тақырыбында республикалық оқу семинары | 8 | ||||
4 | Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған«Бастауыш сынып оқушыларын олимпиадалар мен зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындау» оқу-жаттығу жиындары | 48 | ||||
5 | «Білім беру ортасында оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау» республикалық семинары | 3 | ||||
6 | Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының қалалық кезеңі | 200 | 13 | 25 | 57 | 95 |
Барлығы: Іс-шаралар – 6 | 462 | 20 | 35 | 73 | 128 | |
Оқушылардың қатысуымен | ||||||
7 | 5-11 сынып оқушылары мен 1-2 курс колледж студенттері арасында оқу пәндері бойынша шағын олимпиададан тұратын «МегаМозг» республикалық онлайн марафоны | 633 | 324 | 194 | 106 | 624 |
Барлығы: Іс -шаралар – 1 | 633 | 324 | 194 | 106 | 624 | |
Жалпы Іс-шаралар – 7 | 1087 | 344 | 229 | 179 | 752 |
1) 2024 жылдың 9 қазанында № 59 мектеп-лицейінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілеріне арналған «Мектепке дейінгі білім берудегі таланттар мен дағдыларды дамытудың инновациялық тәсілдері» семинары өтті.
Мақсаты – балабақша меңгерушілерін ерте жастағы балалардың қабілеттерін дамытудың заманауи әдістемелерімен және практикалық тәсілдерімен таныстыру.
Семинарға 124 балабақша меңгерушісі қатысты.
2) 2024 жылдың 7-27 қазан аралығында «Үркер» зияткерлік орталығымен бірлесе отырып, 5-11 сынып оқушылары мен 1-2 курс колледж студенттері арасында оқу пәндері бойынша шағын олимпиададан тұратын «МегаМозг» республикалық онлайн марафоны өткізілді. Мақсаты – дарынды балаларды анықтау және олардың шығармашылық әлеуетін дамыту. Марафонға 633 мектеп оқушысы мен колледж студенті қатысты.
3)2024 жылдың 15 қазанында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы №1 «Бәйтерек» балабақшасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері, педагогтері және әдіскерлеріне арналған I қалалық «Зерттеу жұмысы» конкурсын өткізді.
Мақсаты – әр баланың даралығы мен ерекшелігін ескере отырып, әлеуетін жан-жақты дамыту, белсенді зерттеуші, жаңашыл педагогтің имиджін қалыптастыру.
Байқауға 79 мұғалім қатысып, 33 жеңімпаз мен жүлдегер анықталды: 1 орын – 7, 2 орын – 10, 3 орын – 16.
4)2024 жылдың 22-23қазан күндері №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінде қазақ тілі және орыс тілі пәні мұғалімдері үшін (бастауыш, орта және жоғары сыныптары) «Оқушыларды гуманитарлық цикл пәндері бойынша олимпиадаларға дайындау» тақырыбында республикалық оқу семинары өтті.
Семинардың мақсаты – оқушылардың гуманитарлық цикл пәндерінен олимпиадаларға сапалы дайындығын қамтамасыз ету бойынша педагогикалық практиканы дамыту.
Семинарға қатысушылар оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және олимпиада резервтерін дайындау жөнінде озық іс-тәжірибелермен танысты.
Мақсаты – бастауыш мұғалімдеріне олимпиадалық тапсырмаларды әзірлеу, зерттеу жобаларын ұйымдастыру және өткізу бойынша тиімді әдіс-тәсілдерді ұсыну.
Оқу-жаттығу жиындарына елордалық білім беру ұйымдарының 48 бастауыш мұғалімі қатысты.
6)2023 жылдың 26-28 қазан күндері №11 мектеп-лицейінде «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының педагог-психологтеріне арналған «Білім беру ортасында оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау» республикалық семинары өтті.
Мақсаты – білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша педагог-психологтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Семинарға 23 педагог-психолог қатысты, оның ішінде елордадан – 3 педагог.
Семинар барысында психологиялық-педагогикалық қолдаудың түрлі аспектілері талқыланды. Психологтер білім беру процесінде психологиялық қолдауды ұйымдастырудың жаңа әдістері мен тәсілдері туралы пікір алмасты.
7) 2024 жылдың 30 қазаны күні Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназияда елордалық білім беру ұйымдары педагогтерінің арасында республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының қалалық кезеңі өтті.
Мақсаты – оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік ұстаздардың алдыңғы қатарлы тәжірибесін анықтау және тарату. Конкурсқа 200 педагог қатысты (сараптама кезеңіне 96 білім беру ұйымынан 308 педагог қатысып, оның 230-ы қалалық кезеңге өтті), нәтижесінде: жалпы орындар саны – 95, I орын – 13, II – 25, III орын – 57.
«QABILET» кәсіби бағдарлау қызмет бөлімі
№ | Іс – шаралар | Қатысушылар саны | Жүлделі орындар | |||
І | ІІ | ІІІ | Барлығы | |||
1. | Оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары бойынша кәсіби диагностикалық тестілеуден өткізу мен психологиялық кеңес беру | 9 | ||||
«Мамандыққа бір қадам» оқыту семинарлары | 50 | |||||
Барлығы: Іс-шаралар – 2 | 59 |
- Оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары бойынша кәсіби диагностикалық тестілеуден өткізу мен психологиялық кеңес беру.
Кәсіби бағдар беру, кәсіби бағыттылық және зияткерлік мүмкіндіктері мен әлеуетін бағалауға байланысты 9 мекемеден 6 оқушы диагностикадан өтті және бөлімнің психолог-консультант мамандары оларға кәсіби бағыттылық бойынша жеке кеңес берді.
- 2024 жылдың 15 және 23 қазан күндері №№ 99,111 орта мектептерінде «Мамандыққа бір қадам» оқыту семинарлары өткізілді.
Семинарға 50-ден астам 8-11 сынып жетекшілері және пән мұғалімдері қатысты.