2024 жылдың 23 қарашасында “Астана дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен “OQUtimes” білім академиясы математика және ағылшын тілі бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында JAS ERUDIT олимпиадасының III (қалалық) кезеңін Nº57 орта мектебінде өткізді. Олимпиаданың мақсаты:
Оқушылардың математика, ағылшын тілі пәндері бойынша білімдерін тереңдету, дамыту арқылы дарынды балаларды анықтап, олимпиада резервін қалыптастыру.
Олимпиадаға 2 пән бойынша 5-6 сыныптардан 171 оқушы қатысты (5 сынып 93, 6 сынып – 78) .
🏆Нәтижелер:
5 сынып:
I орын – 3 оқушы
II орын – 13 оқушы
III орын – 30 оқушы.
6 сынып:
I орын – 3 оқушы
II орын – 12 оқушы
III орын – 24 оқушы
JAS ERUDIT олимпиадасының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз! Білім жолында үлкен белестерді бағындыруына тілектеспіз!🥳👏🏻