📅 20-21 қараша күндері
📍 Астана қаласында №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінде жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша ХVІI Президенттік олимпиада өтіп жатыр.
🧑🎓 Президенттік олимпиадаға жалпы білім беру ұйымдарының бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған биылғы оқу жылының түлектері қатысуда.
📊 Республикалық кезеңде еліміздің барлық өңірлерінен:
🧮 Математика,
⚛️ Физика,
🔬 Химия,
🧪 Биология
пәндерінен екі күрделі іріктеуден (кезеңнен) өткен 11 (12) – сыныптың 190 оқушысы бақ сынап жатыр, олардың ішінде 16 елордалық оқушы бар.
🎯 Екі күнге жалғасқан қызу сайыста жас зияткерлер өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсетіп, алға қойылған міндеттерді шешеді.
🌟 Астаналық қатысушыларға 2 турда сәттілік және жүлделі орындар тілейміз!