«Астана дарыны» орталығының 2024 жылы қыркүйек айында атқарған іс-шаралары туралы ақпарат

         

2024 жылдың қыркүйек айында 12 іс-шара өткізілді (3 – қаланың мектепке дейінгі мекемелері үшін):

  • 10 қалалық (2 мектепке дейінгі мекемелер үшін);
  • 1 аудандық ( мектепке дейінгі мекемелер үшін);
  • 1 Халықаралық олимпиаданың  іріктеу кезеңі.

          Бұл іс-шараларға 2733 адам қатысты: 123 мұғалім, 2563 астаналық мектептердің  оқушылары  және 47 мектепке дейінгі мекемелердің  тәрбиеленушілері.

Қалалық олимпиадаларға 333 оқушы қатысып, 146 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды:

Гран-при – 4; 

I орын – 14;

II орын – 48;        

ІІІ орын – 80.

Интеллектуалдық іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімі

     Іс – шараларҚатысушылар саныЖүлделі орындар
ІІІІІІБарлығы
1.Республикалық  «Шаңырақ» бейнероликтер байқауыныңқалалық кезеңі2511 2
2.«RoboBalapan  Astana-2024» қалалық техникалық шығармашылық фестивалінің аудандық кезеңі4/10    
3.RoboBalapan Astana-2024» қалалық балалар техникалық шығармашылық фестивалі1244412
4.Халықаралық  жаратылыстану-ғылыми олимпиаданың іріктеу кезеңі (IJSO- International Junior Science Olympiad)3    
 Барлығы: Іс-шаралар – 44/5055414
  1. 2024 жылдың 13 қыркүйек күні республикалық «Шаңырақ» бейнероликтер байқауының қалалық кезеңі «Астана дарыны» орталығында онлайн өтті. Іс шараға 25 балабақшадан 25 қатысушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын – 1, ІІ орын – 1.
  2. 2024 жылдың 26 қыркүйек күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «ҚазРоботикс» федерациясының қолдауымен «RoboBalapan  Astana-2024» қалалық техникалық шығармашылық фестивалінің аудандық кезеңін онлайн ұйымдастырды. Фестивальға 4 балабақшадан 10қатысушы қатысты. Қазылар алқасының шешімімен балабақшалардың қатысушы командасы толық қалалық кезеңге жолдама алды.
  3. 2024 жылдың 30 қыркүйеккүні «RoboBalapan Astana-2024» қалалық балалар техникалық шығармашылық фестивалі өтті. Қалалық кезеңге 12 тәрбиеленуші қатысты.Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: I орын – 4, II орын – 4, III орын – 4.
  4. 2024 жылдың 30 қыркүйек күні «Астана дарыны» орталығының базасында жасөспірімдер арасындағы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиаданың іріктеуі (IJSO- International Junior Science Olympiad) өтті. Астана қаласынан дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Болатхан Ерасыл және «Nurorda» мектеп-лицейінің 9 сынып оқушылары Ибраимов Абдижан, Сабыров Мерген қатысты. Қатысушылар биология, химия және физика пәндері бойынша реcпубликалық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары.

Дарынды оқушылардың жоба жұмыстары мен конкурстарын ұйымдастыру бөлімі

      Іс – шараларҚатысушылар саныЖүлделі орындар
Бас жүлдеІІІІІІБарлығы
1.Жалпы  білім беретін пәндер бойынша  республикалық ғылыми жобалар конкурсы1320     
2.2-7 сынып оқушылары арасындағы Ұлттық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсы700     
3.Республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық кезеңі198 6304783
4.«Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының қалалық кезеңі13548183363
 Барлығы: Іс -шаралар – 4  23534144880146

1) 2024 жылдың қыркүйек айында жалпы білім беретін пәндер бойынша  республикалық ғылыми жобалар конкурсына 8-11 сынып оқушыларының өтінімдері қабылданды. Астана қаласындағы жалпы білім беру мекемелерінен барлығы 1320 жұмыс тіркеліп, плагиаттан өткізуге жіберілді.

2) 2-7 сынып оқушылары арасындағы Ұлттық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсына 700-ден астам  жұмыс қабылданып, сараптамаға жіберілді.

3) Республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық кезеңі 2024 жылғы 21 қыркүйекте №50 мектеп-лицейінің базасында өтті. Елорданың білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында өткен байқауға  198 оқушы қатысып, шешендік, білгірлік сайысы,  көркемсөз оқу, эссе жазу, ұлттық аспапта өнер көрсету, ақындар айтысы және мүшәйрасы номинациялары бойынша 83 жеңімпаз анықталды: І орын – 6, ІІ орын – 30, ІІІ орын – 47. Грамота – 32.

       4) Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының  қалалық кезеңі 2024  жылғы  28 қыркүйекте елордадағы №57 орта мектептің базасында өтті. Жалпы орта білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасындағы  байқау төрт бағыт бойынша өткізіліп, 135 оқушы қатысты.

Жеңімпаздар саны – 63. Бас жүлде – 4,  І орын – 8, ІІ орын -18, ІІІ орын-33, грамота-18.

Педагогикалық шеберлік және ұйымаралық жобалар бөлімі

Іс-шараларҚатысушылар саныЖүлделі орындар
ІІІІІІОрындар саны
Педагогтердің қатысуымен  
1«Бастауыш сынып оқушыларын олимпиадалар мен зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындау» оқу-жаттығу жиындары48    
2«Бір мұғалім – әртүрлі балалар: заманауи білім беру жағдайында оқушылардың дарындылығын дамыту» семинары75    
Оқушылардың қатысуымен
 «Заманауи білім беру ортасы жағдайында оқушылардың дарындылығын дамыту» тақырыбында семинар201    
 Барлығы: Іс -шаралар – 3  324    

1) 2024 жылдың 23 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында № 59 мектеп-лицейі базасында білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларын олимпиадалар мен зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындау» оқу-жаттығу жиындары өтті. Жиынға 48 педагог қатысты.

2) 2024 жылдың 24 кыркүйегінде Қаныш Сәтпаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде технология және өнер пәндерінің педагогтеріне арналған «Бір мұғалім – әртүрлі балалар: заманауи білім беру жағдайында оқушылардың дарындылығын дамыту» семинары өтті. Семинарға жалпы білім беру ұйымдарының 75 мұғалімі қатысты. 

Мақсаты – технология және өнер білім беру саласының сабақтарында интерактивті және танымдық-қызықты білім беру ортасын құру, білім алушылардың цифрлық техникамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

3) 2024 жылғы 9 қыркүйекте № 9 «Зерде» мамандандырылған лицейінде мектепте дарындылықты дамыту жолдары мен құралдарын анықтау мақсатында «Заманауи білім беру ортасы жағдайында оқушылардың дарындылығын дамыту» тақырыбында семинар өтті.Семинарға лицейдің 9-11 сыныптарының 201 оқушысы мен мұғалімдері қатысты.

Мақсаты – бастауыш мектеп педагогтерінің оқушыларды олимпиадаға дайындау және зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу бойынша біліктілігін арттыру.

                  «QABILET» кәсіби бағдарлау қызмет бөлімі

     Іс – шараларҚатысушылар саныЖүлделі орындар
ІІІІІІБарлығы
1.Оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары бойынша кәсіби диагностикалық тестілеуден өткізу мен психологиялық кеңес беру  6    
     Барлығы: Іс-шаралар – 1  6    
  1. Оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары бойынша кәсіби диагностикалық тестілеуден өткізу мен психологиялық кеңес беру.

Кәсіби  бағдар беру, кәсіби бағыттылық және зияткерлік мүмкіндіктері мен әлеуетін бағалауға байланысты 4 мекемеден 6 оқушы диагностикадан өтті және бөлімнің психолог-консультант мамандары оларға кәсіби бағыттылық бойынша жеке кеңес берді.

Оқушылармен келесі диагностикалық әдістеме тесттері жүргізілді:

  • Холланд әдістемесі – тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтап, психологиялық портретін шығару (кәсіби бағыттылығын, қабілетін, мүмкіндіктерін ескере отырып);
  • Кәсіби мотивация – еңбекке деген мотивацияны анықтау;
  • Йовайши әдістемесі – кәсіптік бағдар аймағын анықтау (мамандықтар);
  • Т. Элерс, Г. Шуберт әдістемесі – сәтсіздікке дайындықты, мотивация деңгейі мен жеке мүмкіндіктер деңгейін анықтау.