2024 жылдың қыркүйек айында 12 іс-шара өткізілді (3 – қаланың мектепке дейінгі мекемелері үшін):
- 10 қалалық (2 мектепке дейінгі мекемелер үшін);
- 1 аудандық ( мектепке дейінгі мекемелер үшін);
- 1 Халықаралық олимпиаданың іріктеу кезеңі.
Бұл іс-шараларға 2733 адам қатысты: 123 мұғалім, 2563 астаналық мектептердің оқушылары және 47 мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері.
Қалалық олимпиадаларға 333 оқушы қатысып, 146 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды:
Гран-при – 4;
I орын – 14;
II орын – 48;
ІІІ орын – 80.
Интеллектуалдық іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімі
№ | Іс – шаралар | Қатысушылар саны | Жүлделі орындар | |||
І | ІІ | ІІІ | Барлығы | |||
1. | Республикалық «Шаңырақ» бейнероликтер байқауыныңқалалық кезеңі | 25 | 1 | 1 | 2 | |
2. | «RoboBalapan Astana-2024» қалалық техникалық шығармашылық фестивалінің аудандық кезеңі | 4/10 | ||||
3. | RoboBalapan Astana-2024» қалалық балалар техникалық шығармашылық фестивалі | 12 | 4 | 4 | 4 | 12 |
4. | Халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиаданың іріктеу кезеңі (IJSO- International Junior Science Olympiad) | 3 | ||||
Барлығы: Іс-шаралар – 4 | 4/50 | 5 | 5 | 4 | 14 |
- 2024 жылдың 13 қыркүйек күні республикалық «Шаңырақ» бейнероликтер байқауының қалалық кезеңі «Астана дарыны» орталығында онлайн өтті. Іс шараға 25 балабақшадан 25 қатысушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын – 1, ІІ орын – 1.
- 2024 жылдың 26 қыркүйек күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «ҚазРоботикс» федерациясының қолдауымен «RoboBalapan Astana-2024» қалалық техникалық шығармашылық фестивалінің аудандық кезеңін онлайн ұйымдастырды. Фестивальға 4 балабақшадан 10қатысушы қатысты. Қазылар алқасының шешімімен балабақшалардың қатысушы командасы толық қалалық кезеңге жолдама алды.
- 2024 жылдың 30 қыркүйеккүні «RoboBalapan Astana-2024» қалалық балалар техникалық шығармашылық фестивалі өтті. Қалалық кезеңге 12 тәрбиеленуші қатысты.Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: I орын – 4, II орын – 4, III орын – 4.
- 2024 жылдың 30 қыркүйек күні «Астана дарыны» орталығының базасында жасөспірімдер арасындағы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиаданың іріктеуі (IJSO- International Junior Science Olympiad) өтті. Астана қаласынан дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Болатхан Ерасыл және «Nurorda» мектеп-лицейінің 9 сынып оқушылары Ибраимов Абдижан, Сабыров Мерген қатысты. Қатысушылар биология, химия және физика пәндері бойынша реcпубликалық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары.
Дарынды оқушылардың жоба жұмыстары мен конкурстарын ұйымдастыру бөлімі
№ | Іс – шаралар | Қатысушылар саны | Жүлделі орындар | ||||
Бас жүлде | І | ІІ | ІІІ | Барлығы | |||
1. | Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы | 1320 | |||||
2. | 2-7 сынып оқушылары арасындағы Ұлттық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсы | 700 | |||||
3. | Республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық кезеңі | 198 | 6 | 30 | 47 | 83 | |
4. | «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының қалалық кезеңі | 135 | 4 | 8 | 18 | 33 | 63 |
Барлығы: Іс -шаралар – 4 | 2353 | 4 | 14 | 48 | 80 | 146 |
1) 2024 жылдың қыркүйек айында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсына 8-11 сынып оқушыларының өтінімдері қабылданды. Астана қаласындағы жалпы білім беру мекемелерінен барлығы 1320 жұмыс тіркеліп, плагиаттан өткізуге жіберілді.
2) 2-7 сынып оқушылары арасындағы Ұлттық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсына 700-ден астам жұмыс қабылданып, сараптамаға жіберілді.
3) Республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық кезеңі 2024 жылғы 21 қыркүйекте №50 мектеп-лицейінің базасында өтті. Елорданың білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында өткен байқауға 198 оқушы қатысып, шешендік, білгірлік сайысы, көркемсөз оқу, эссе жазу, ұлттық аспапта өнер көрсету, ақындар айтысы және мүшәйрасы номинациялары бойынша 83 жеңімпаз анықталды: І орын – 6, ІІ орын – 30, ІІІ орын – 47. Грамота – 32.
4) Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының қалалық кезеңі 2024 жылғы 28 қыркүйекте елордадағы №57 орта мектептің базасында өтті. Жалпы орта білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасындағы байқау төрт бағыт бойынша өткізіліп, 135 оқушы қатысты.
Жеңімпаздар саны – 63. Бас жүлде – 4, І орын – 8, ІІ орын -18, ІІІ орын-33, грамота-18.
Педагогикалық шеберлік және ұйымаралық жобалар бөлімі
№ | Іс-шаралар | Қатысушылар саны | Жүлделі орындар | |||
І | ІІ | ІІІ | Орындар саны | |||
Педагогтердің қатысуымен | ||||||
1 | «Бастауыш сынып оқушыларын олимпиадалар мен зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындау» оқу-жаттығу жиындары | 48 | ||||
2 | «Бір мұғалім – әртүрлі балалар: заманауи білім беру жағдайында оқушылардың дарындылығын дамыту» семинары | 75 | ||||
Оқушылардың қатысуымен | ||||||
«Заманауи білім беру ортасы жағдайында оқушылардың дарындылығын дамыту» тақырыбында семинар | 201 | |||||
Барлығы: Іс -шаралар – 3 | 324 |
1) 2024 жылдың 23 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында № 59 мектеп-лицейі базасында білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларын олимпиадалар мен зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындау» оқу-жаттығу жиындары өтті. Жиынға 48 педагог қатысты.
2) 2024 жылдың 24 кыркүйегінде Қаныш Сәтпаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде технология және өнер пәндерінің педагогтеріне арналған «Бір мұғалім – әртүрлі балалар: заманауи білім беру жағдайында оқушылардың дарындылығын дамыту» семинары өтті. Семинарға жалпы білім беру ұйымдарының 75 мұғалімі қатысты.
Мақсаты – технология және өнер білім беру саласының сабақтарында интерактивті және танымдық-қызықты білім беру ортасын құру, білім алушылардың цифрлық техникамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
3) 2024 жылғы 9 қыркүйекте № 9 «Зерде» мамандандырылған лицейінде мектепте дарындылықты дамыту жолдары мен құралдарын анықтау мақсатында «Заманауи білім беру ортасы жағдайында оқушылардың дарындылығын дамыту» тақырыбында семинар өтті.Семинарға лицейдің 9-11 сыныптарының 201 оқушысы мен мұғалімдері қатысты.
Мақсаты – бастауыш мектеп педагогтерінің оқушыларды олимпиадаға дайындау және зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу бойынша біліктілігін арттыру.
«QABILET» кәсіби бағдарлау қызмет бөлімі
№ | Іс – шаралар | Қатысушылар саны | Жүлделі орындар | |||
І | ІІ | ІІІ | Барлығы | |||
1. | Оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары бойынша кәсіби диагностикалық тестілеуден өткізу мен психологиялық кеңес беру | 6 | ||||
Барлығы: Іс-шаралар – 1 | 6 |
- Оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары бойынша кәсіби диагностикалық тестілеуден өткізу мен психологиялық кеңес беру.
Кәсіби бағдар беру, кәсіби бағыттылық және зияткерлік мүмкіндіктері мен әлеуетін бағалауға байланысты 4 мекемеден 6 оқушы диагностикадан өтті және бөлімнің психолог-консультант мамандары оларға кәсіби бағыттылық бойынша жеке кеңес берді.
Оқушылармен келесі диагностикалық әдістеме тесттері жүргізілді:
- Холланд әдістемесі – тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтап, психологиялық портретін шығару (кәсіби бағыттылығын, қабілетін, мүмкіндіктерін ескере отырып);
- Кәсіби мотивация – еңбекке деген мотивацияны анықтау;
- Йовайши әдістемесі – кәсіптік бағдар аймағын анықтау (мамандықтар);
- Т. Элерс, Г. Шуберт әдістемесі – сәтсіздікке дайындықты, мотивация деңгейі мен жеке мүмкіндіктер деңгейін анықтау.