2024 жылдың 27-30 қазан аралығында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығының ұйымдастыруымен республикалық «Менің шағын Отаным» интеллектуалдық конкурсы өтеді.
9-10 сынып оқушылар арасында 4 номинация бойынша өтетін конкурсқа Астана қаласынан №82 «Дарын» мамандандырылыған лицейінің 10-сынып оқушысы Сексенбаева Қалжан («Менің шағын Отанымның тарихы»), №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Аманжолова Адина («Шағын Отанымның символы»), №32 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Исақ Алихан («Менің шағын Отанымның болашағы») және №6 гимназияның 9-сынып оқушысы Бимаганбетова Дариға («Менің шағын Отанымнан шыққан тұлғалар») қатысып, бақтарын сынайды.
Астаналық дарындарға сәттілік тілейміз!