«Білім беру ортасында оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында республикалық семинар

26-28 қазан күндері Астана қаласы Ө.Жәнібек атындағы №11 мектеп-лицейінде «Білім беру ортасында оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырылады. Семинар білім беру ұйымдарының педагог-психологтері үшін өткізіледі.

Семинардың мақсаты – білім беру ортасында білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселелері бойынша психологтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Бұл семинар аясында келесі мамандар баяндамаларын ұсынды: Капанова Гульмира Кадырбаевна – Астана қаласы әкімдігінің психологиялық қолдау орталығының директоры, Аубакирова Жанат Канашовна – психология ғылымдарының кандидаты, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің психология кафедрасы профессорының міндетін атқарушы,  Исаханова Асель Алимахановна –  педагогика және психология PhD докторы, Астана IT университетінің қауымдастырылған профессоры, арт-терапевт, Белесова Нурсулу Абдигаппаровна – педагогика және психология магистрі, PhD докторанты, Астана IT университетінің аға оқутышысы.

Семинарға Астана қаласынан Мухамбетжанова Лаура Айнабаевна – «Зияткер»  № 86 балабақшасы , Мансурова Самал Мукашевна- Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясы, Кабельдинова Дамель Нурлыбековна – «Флагман»   физико- техникалық лицейінің педагог-психологтері қатысты.