«Үздік жыл психологі» конкурсының қалалық кезеңі

Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024-2025 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес республикалық «Үздік жыл психологі» конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) қалалық кезеңін өткізетіндігін хабарлайды.

Мақсаты – талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көтере алатын психологтерді анықтау, қолдау және ынталандыру.

Конкурс екі кезеңнен тұрады:

  1. Сараптама кезеңі 13.11.2024 жыл.
  2. Қорытынды кезеңі 22.11.2024 жыл.

Конкурсқа қатысушылар еңбек өтілдеріне қарай үш топқа: (I топ – 3-5 жылға дейін, II топ – 5-7 жылға дейін, III топ -7 жылдан астам) бөлінеді.

Эссенің электрондық нұсқаларын қабылдау және қатысушыларды көрсетілген сілтеме бойынша: https://forms.gle/BZSS6Uxu5WZBNUKw9 конкурсқа тіркеу 2024 жылдың 8 қарашасына (сағат 17.00-ге) дейін жүргізіледі.

Қорытынды кезеңге сараптамадан өткен психологтер қатысады.

Ескерту: Конкурсқа тек қана тәжірибеде қолданыста жүрген, апробациядан өткен, нақты тәжірибелік қорытындысы бар жұмыстар ғана ұсынылады.

Конкурс туралы қажетті мәліметтерді «Астана дарыны» дарынды орталығының 25-01-69  байланыс телефоны бойынша алуға болады.