2024 жылы 18 қазан күні сағат 15.00-де №9 «Зерде» мамандандырылған лицейі базасында жазушы, журналист Әсет Сыздықовтың «Алматы кереметі» («Алматинское чудо») кітабының презентациясы өтті.

2022 жылдың қазан айында  Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік  мектебінің 5 оқушысы роботехника бойынша Женевада өткен халықаралық турнирде өнер көрсетіп, үздік нәтижеге қол жеткізген. Кітапта осы  қарапайым мектеп оқушыларының бірегей роботты қалай ойлап тапқаны баяндалған көркем еңбектің тұсаукесеріне «Роботек» ЖШС спорт бөлімінің басшысы   Айтжанов Олжас Еслямбекович арнайы келіп, құттықтау сөзін сөйледі. Кездесуге Астана қаласының  роботехникаға қызығушылығы бар дарынды оқушылары қатысты. Оқушылар рухани нәрі бар, мәні зор іс-шарада  автормен жүздесіп, қолтаңбасын алды.