Мектеп жасына дейінгі балаларға  арналған қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауының 1-ші күні «Хореография», «Балалар музыкалық аспаптарында ойнау» номинациялары бойынша қорытынды

          Мемлекеттік және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік балабақшалардың мектепалды даярлық топтары арасында қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауы 2024 жылдың 17 қазан күні М.Өтемісұлы атындағы  Оқушылар сарайында «Хореография», «Балалар музыкалық аспаптарында ойнау» номинациялары бойынша өтті.

Өнер байқауының қалалық кезеңінде «Хореография», «Балалар музыкалық аспаптарында ойнау» номинациялары бойынша 50 өнер шығармасы қазылар алқасы назарына  ұсынылды.

Астана қаласы №2 балалар Өнер мектебінің, №1 балалар музыка мектебінің оқытушылары және «Астана хореографтары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы және бірлестік жетекшісі режиссер-хореографтар қызмет атқарған қазылар алқасының шешімімен  «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауының 2 номинациясы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

 «Балалар музыкалық аспаптарында ойнау» номинациясы бойынша қатысушы саны 28 (мемлекеттік балабақша -26, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналасқан жекеменшік балабақшасы-2)

Бас жүлде – 1(№13 «Тұлпар» б/б)

І орын – 6 (№7 «Аққу»,№33 «Алтын дән»,№68 «Балбұлақ»,№45 «Самұрық»,№74 «Дәурен», «Академия» жеке б/б)

ІІ орын – 9 (№83 «Жансая»,№86 «Зияткер»,№11 «Гауһар»,№60 «Арай»,№71 «Мөлдір»,№2 «Батыр»,№53 «Мерей»,№32 «Балдәурен», «Карим» жеке б/б)

ІІІ орын – 8 (№35 «Ертегі»,№70 «Құлыншақ»,№42 «Бәйшешек»,№98 «Мирас»,№34 «Ақ бидай»,№67 «Шұғыла»,№63 «Әсем-Ай»,№95 «Алматы»)

Грамота -4 (№52 «Еркетай»,№39 «Меруерт»,№62 «Нұрсәуле»,№66 «Толағай»)

«Хореография» номинациясы бойынша қатысушы саны 22:

Бас жүлде –1(№32 «Балдәурен» б/б)

І орын –3 (№45 «Самұрық»,№38 «Шаттық»,№29 «Аққайың»)

ІІ орын –5 (№27 «Балауса»,№86 «Зияткер»,№34 «Ақ бидай»,№85 «Мейіржан»,№63 «Әсем-Ай») 

ІІІ орын – 9 (№52 «Еркетай»,№40 «Құлпынай»,№72 «Жанарым»,№79 «Шабыт»,№15 «Дарын»,№2 «Батыр»,№81 «Әсемгүл»,№53 «Мерей»,№67 «Шұғыла»)

Грамота – 4 (№9 «Нұршашу»,№94 «Сұңқар»,№59 «Аққанат»,№8 «Думан»)

    Байқаудың нәтижесінде номинацияларда үздік шыққандарға «Астана дарыны» орталығының кубогы мен Бас жүлде дипломы, жүлдегерлерге І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар, медальдар, ынталандыру грамотасы табысталды.

       Талантқа талап берген, қанатын қатайтып қуантқан байқаудың кішкентай өнерпаздарын жеңісімен құттықтаймыз, үміт артып қолдау көрсеткен педагогтер мен ата-аналарға алғыс білдіреміз.