Салмақты сайыстардың сайыпқырандары Астанада бас қосты!

                Бүгін  беделді зияткерлік олимпиадаларда талай мәрте ел намысын қорғап, Қазақстан байрағын көкте желбіреткен талантты жастар Астанада бас қосты! Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында елордалық оқушылар: Назарбаев Университетінің 1 курс студенті Бақтыбай Ғалымжан, «Spectrum International School» – дің 12 – сынып оқушылары Пшенбаев Әмір және Ким Артур бар.

            Қазақстандық оқушылардың есімдері Халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстарында жиі айтылып жүр.

             2024 жылы 17 қазанда Астанада халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары ҚР Оқу – ағарту  министрі Г.Бейсембаевпен кездесті. Еліміздің бас ұстазы  әлемдік деңгейдегі салмақты сайыстардың қорытындысына тоқтала отырып, олимпиадаға қатысуға жауапкершілікпен қараған жас дарындарға, сондай-ақ оларды қолдаған ата-аналарына, мұғалімдері мен тәлімгерлеріне алғысын білдірді.

              Сонымен қатар  Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясында   марапаттау рәсімі өтті. Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин жас зияткерлерге ақшалай сертификаттар табыс етті. Ол халықаралық аренада ел атынан лайықты өнер көрсететін қазақстандық оқушылардың жоғары білім деңгейін ерекше атап өтті.

              Біздің  жас  дарындардың әлемдік білім додаларындағы жеңістері Қазақстан үшін өте маңызды, өйткені білімді жастар – ел болашағы!

                 Елордалық зияткерлерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!