Мектеп жасына дейінгі балаларға  арналған «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауы

Өтетін орны: М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы (Ә. Мәмбетов 1)

Өтетін күні: 17-18 қазан 2024 жыл

       «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 10-11 қазан күндері  мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауына іріктеуде  5-6 жас ерекшелігіне қарай «Вокалдық топ», «Вокал», «Хореография», «Балалар музыкалық аспаптарында ойнау» номинациялары бойынша мемлекеттік балабақшалардан 156 бейнематериал, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік балабақшалардан 19 бейнематериал қаралды.  

       Қалалық байқауда «Балалар музыкалық аспаптарында ойнау» номинациясында 31, «Хореография» номинациясында 23, «Вокалдық топ» номинациясында 49, «Вокал» номинациясында 24 өнер шығармасымен ағымдағы жылдың 17-18 қазан күндері М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының сахнасында ұйымдастырушылар бекіткен кесте бойынша өнер көсетеді.

17 қазан «Балалар музыкалық аспаптарында ойнау» номинациясы – 09:00/12:30

«Хореография» номинациясы – 13:00/15:00

18 қазан «Вокалдық топ» номинациясы – 09:00 / 12:30

«Вокал» номинациясы – 13:00/ 15:00

      Байқау нәтижесінде номинацияларда үздік шыққан командаға «Астана дарыны» орталығының кубогы мен Бас жүлде дипломы, жүлдегерлерге I, II, III дәрежелі дипломдар мен медаль, ынталандыру грамотасы табысталады.