2024 жылдың 15 қазанында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы №1 «Бәйтерек» балабақшасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері, педагогтері және әдіскерлеріне арналған I қалалық «Зерттеу жұмысы» конкурсын өткізді.
Мақсаты – Ұлттық құндылықтар негізінде әр баланың даралығы мен ерекшелігін ескере отырып, әлеуетін жан-жақты дамыту және ашу, белсенді зерттеуші, жаңашыл педагогтің имиджін қалыптастыру.
Конкурсқа 79 педагог қатысты.
Конкурстың қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті:
- «Тәрбиешілер» бағыты бойынша: I орын – 4 (№32 «Балдәурен», №60 «Арай», №83 «Жансая», №87 «Қадыр» б/б), II орын – 5 (№ 38 «Шаттық», №80 «Ботақан», №12 «Қарлығаш», №88 «Баян-сұлу», №7 «Аққу» б/б), III орын – 9 (№87 «Қадыр», №42 «Бәйшешек», №15 «Дарын», №12 «Қарлығаш», №35 «Ертегі», № 65 «Бал бала», № 55 «Нұр-Ай», №11 «Гауһар», № 69 «Еркем-ай» б/б), грамота – 7 (№1 «Бәйтерек», №46 «Балабақша-мектеп-гимназия», №95 «Алматы», №49 «Алтынай», №89 «Қызжібек», №65 «Бал бала», №65 «Бал бала» б/б);
- «Педагогтер» бағыты бойынша: I орын – 2 (№ 2 «Батыр», № 77 б/б), II орын – 3 (№11 «Гауһар», №47 «Ақ желкен», №32 «Балдәурен»), III орын – 5 (№15 «Дарын», №95 «Алматы», №1 «Бәйтерек», №87 «Қадыр», №73 «Аяулым» б/б), грамота – 3 (№65 «Бал бала», № 60 «Арай», № 44 «Үркер» б/б);
- «Әдіскерлер» бағыты бойынша: I орын – 1 (№47 «Ақ желкен» б/б), II орын – 2 (№ 35 «Ертегі», №67 «Шұғыла» б/б), III орын – 2 (№80 «Ботақан», № 60 «Арай» б/б), грамота – 2 (№38 «Шаттық», № 44 «Үркер» б/б).
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!