2024 жылдың 15 қазан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметі бөлімі №99 орта мектебінде мұғалімдерге оқушыларының зияткерлік қабілеттерін анықтау және мамандық таңдауда психологиялық көмек көрсету мақсатында «Мамандыққа бір қадам» оқыту семинарын өткізді.
Семинарға 8-11 сынып жетекшілері және пән мұғалімдері қатысты.
«Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметі бөлімінің басшысы Н.Ж. Карибеков семинар қатысушыларын оқушылармен жүргізілетін диагностика және консультация бағыттарын таныстырды. Сонымен қатар «JasSkills Astana» кәсіби шеберлік чемпионаты туралы ақпараттандырылды. Семинар соңында сындарлы кері байланыс, тақырыпты белсенді талқылау болды.