Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХVІI Президенттік олимпиаданың ІІ кезеңі

🧬 «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылдың 17 қазанда жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХVІI Президенттік олимпиаданың ІІ кезеңі өтетінін хабарлайды.

📊 Президенттік олимпиаданың I өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша төрт пәннен (математика, физика, химия, биология пәндері) жоғары балл жинаған 21 оқушы ІІ кезеңге қатысады.

🏫 Өтетін орны: №9 «Зерде» мамандандырылған лицейі (Төле би к-сі, 26).
⏰ Басталу уақыты – 10:00.
🎉 Қатысушыларға сәттілік тілейміз!