Республикалық  «Менің шағын Отаным» интеллектуалдық конкурсының ІІ (қалалық) кезеңі өтеді

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау орталығы 2024 жылы 16 қазанда  елордадағы №80 мектеп-гимназиясының базасында жас тарихшылардың республикалық  «Менің шағын Отаным» интеллектуалдық конкурсының ІІ (қалалық)кезеңі өтетінін хабарлайды.

          Конкурстың екінші кезеңіне бірінші (аудандық) кезеңнен өткен 9-10 сынып оқушылар қатысады.

Екінші кезең 4 номинация бойынша өтеді:

  1. «Менің шағын Отанымның тарихы» (презентация, видеофильм);
  2. «Шағын Отанымның символы» (презентация, видеофильм);
  3. «Менің шағын Отанымның болашағы» (макеттің презентациясы);
  4. «Менің шағын Отанымнан шыққан тұлғалар» (эссе жазу).

Өтетін орны: Астана қаласы, Шаймерден Қосшығұлұлы көшесі, 17/2,                    №80 мектеп-гимназиясы.

Тіркелуі: сағат 8.30-9.30

Басталуы 10:00