2024 жылдың 8 қазан күні 11-сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша ХVІI Президенттік олимпиаданың І өңірлік кезеңі №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінде өтті.
Олимпиаданың аталған кезеңіне Астана қаласының 63 білім беру мекемелерінен барлығы 73 оқушы қатысты.
Президенттік олимпиаданың I өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша төрт пәннен (математика, физика, химия, биология пәндері) жоғары балл жинаған 21 оқушы келесі кезеңге өтті.
ХVІI Президенттік олимпиаданың II кезеңі 2024 жылдың 17 қазан күні №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінде өтеді.
Басталу уақыты-10:00
Президенттік олимпиаданың II кезеңінің қатысушыларына сәттілік тілейміз!