Мектеп жасына дейінгі балаларға  арналған «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауына іріктеу қорытындысы

    «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың қазан айының 7-не дейін  мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауына іріктеуге  5-6 жас ерекшелігіне қарай    «Вокалдық топ», «Вокал», «Хореография», «Балалар музыкалық аспаптарында ойнау» номинациялары бойынша тіркеу жүргізіліп, Ережеге сәйкес номинациялар бойынша барлығы 156 бейнематериал қабылданды.

    Қазылар алқасының қалалық байқауға іріктеу отырысы  2024 жылдың 10-11 қазан күндері «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығында өтті.

«Вокалдық топ» номинациясында 63 вокалдық топтың бейнематериалы қаралып,

39 топ (тәрбиеленуші саны 521);  

«Вокал» номинациясында 33 өнерпаздың  бейнематериалы қаралып, 21  вокалист; 

«Хореография» номинациясында 36 би тобының бейнематериалы қаралып, 22 би тобы  (тәрбиеленуші саны 260);  

«Балалар музыкалық аспаптарында ойнау»  номинациясында 33 оркестр/ансамбльдің бейнематериалы қаралып, 26 аспапта ойнау тобы (тәрбиеленуші саны 369) барлығы 108 өнер шығармасы қазылар алқасының шешіміменқалалық байқауға жолдама алды.

 «Елорданың еркетайы» қалалық байқауына өткен мектепке дейінгі білім беру ұйымының 857 тәрбиеленушісі 2024 жылдың 17-18 қазан  күндері М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының сахнасында бақ сынайды. Қатысушыларға сәттілік тілейміз !