Мектеп жасына дейінгі балаларға  арналған «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауына іріктеу қорытындысы

       «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың қазан айының 7-не дейін мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік балабақшалардың мектепалды даярлық топтары арасында «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауына іріктеуге  5-6 жас ерекшелігіне қарай    «Вокалдық топ», «Вокал», «Хореография», «Балалар музыкалық аспаптарында ойнау» номинациялары бойынша тіркеу жүргізіліп, Ережеге сәйкес номинациялар бойынша барлығы 19 бейнематериал қабылданды.

       «Елордалық хореографтар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі,режиссер – хореограф, Астана халықаралық университеті   Педагогикалық колледжінің  вокал оқытушыларынан

құралған қазылар алқасының қалалық байқауға іріктеу отырысы  2024 жылдың 10-11 қазан күндері «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығында өтті.

«Вокалдық топ» номинациясында 9 вокалдық топтың бейнематериалы қаралып,

9 топ (тәрбиеленуші саны -75);  

«Вокал» номинациясында 3 өнерпаздың  бейнематериалы қаралып, 3  вокалист; 

«Хореография» номинациясында 2 би тобының бейнематериалы қаралып,2 би тобы  (тәрбиеленуші саны-13);  

«Балалар музыкалық аспаптарында ойнау»  номинациясында 5 оркестр/ансамбльдің бейнематериалы қаралып, 5 аспапта ойнау тобы (тәрбиеленуші саны-56 ) барлығы  өнер шығармасы қазылар алқасының шешіміменқалалық байқауға жолдама алды.

 «Елорданың еркетайы» қалалық байқауына өткен 19 мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік балабақшаның 147 тәрбиеленушісі 2024 жылдың 17-18 қазан күндері М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының сахнасында бақ сынайды. Қатысушыларға сәттілік тілейміз !