2024 жылдың тамыз айында 3 қалалық іс-шара өткізілді, оған 288 мұғалім қатысты.
№ | Іс – шаралар | Қатысушылар саны | |
1. | «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» Астана қаласы педагогтерінің тамыз форумы | 100 | |
2. | «Қазіргі білім беру ортасы жағдайында оқушылардың дарындылығын дамыту» конференциясы | 90 | |
3. | «Қазіргі білім беру ортасы жағдайында оқушылардың дарындылығын дамыту» конференциясы | 98 | |
Барлығы: Іс-шаралар – 3 | 288 |
Педагогикалық шеберлік және ұйымаралық жобалар бөлімі
1) 2024 жылдың 15 тамызында Қ. Мыңбаев атындағы№ 59 мектеп – лицейінде «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» Астана қаласы педагогтерінің тамыз форумы өтті.
Конференцияның «Жасанды интеллект және сандық этика» сессиясына білім беру ұйымдарының 100 педагогі қатысты. Форум офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылды.
Спикерлер «Виртуалды аватарлар, жасанды интеллект саласындағы трендтер мен зерттеулер», «Білім берудегі ғалам және жасанды интеллект», «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін математика сабақтарында цифрлық білім беру технологияларын қолдану», «Білім берудегі AI-агенттер», «Шеберлік сынып: «Білім беруде жасанды интеллектті пайдалану, білім беру платформаларын және қосымшаларын тиімді қолдану», «Шеберлік сынып: «Жасанды интеллектті қалай өз бетінше үйренуге болады немесе мұғалім ретінде оқытуда технологияны қалай меңгеруге болады?», «Білім берудегі цифрлық этика: жасанды интеллект оқыту тәсілдерін қалай өзгертеді?», «Workshop «Қазақ тілі мен әдебиеті пәніне ЖИ ресурстарын кіріктіре отырып оқыту» тақырыптарында сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Форум барысында сындарлы кері байланыс, практикалық тәжірибе алмасу, жасанды интеллект технологияларымен танысу болды.
2) 2024 жылдың 28 тамызында №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінде мектептегі дарындылықты дамыту жолдары мен құралдарын анықтау мақсатында «Қазіргі білім беру ортасы жағдайында оқушылардың дарындылығын дамыту» конференциясы өтті.
Іс-шара барысында спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи білім беру ортасын құруда цифрлық ақпараттық технологиялардың өзектілігіне, жасанды интеллектіні оқытуда қолданудың тиімділігіне тоқталды. Сындарлы кері байланыс, тақырыпты белсенді талқылау болды.
3) 2024 жылдың 29 тамызында № 85 мектеп – лицейінде мектептегі дарындылықты дамыту жолдары мен құралдарын анықтау мақсатында «Қазіргі білім беру ортасы жағдайында оқушылардың дарындылығын дамыту» тақырыбында конференция өтті.
Конференцияға елорданың орта білім беру ұйымдарының 98 педагогі қатысты.