Қазақстан Республикасы атом саласы қызметкерлерінің күніне арналған
Өтетін орны: Атом саласының ақпараттық орталығы, Ядролық физика институтының Астанадағы филиалы, Spectrum халықаралық мектебі.
Өтетін күні: 2024 жыл 27 қыркүйек
Уақыты: сағ.10.00 – 14.00.
Ғылым мен білім бір-бірімен тығыз байланысты. Елорданың білім беру ұйымдарында мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу іс-әрекетін қолдау мен насихаттауға ерекше көңіл бөлініп келеді.
2024 жылдың 27 қазанында Астана қаласында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Ядролық энергетиканың келешегі» промо – тұсаукесерін өткізеді.
Іс – шара 28 қыркүйекте аталып өтетін Қазақстан Республикасы атом саласы қызметкерлерінің күніне орайластырылып отыр.
Промо-тұсаукесердің мақсаты – мектеп оқушылары арасында отандық және әлемдік ғылымның жетістіктерін насихаттау, оқушылардың ғылыми зерттеулерге деген қызығушылығын , сонымен қатар олардың интеллектуалдық және мәдени деңгейін арттыруға деген ұмтылысын дамыту.
Іс-шараға қатысушыларды әрқайсысы өзі үшін қызықты және жаңа дүниені таба алатын 3 бірігей алаң күтеді!
«Ядролық энергетиканың келешегі» промо – тұсаукесері бағдарламасы әртүрлі форматтағы іс-шараларды қамтиды:
1. Атом саласының ақпараттық орталығы, әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы (Момышұлы даңғылы., 5). 7-11 сынып оқушылары үшін интерактивті викториналар мен виртуалды экскурсиялар ұйымдастырылып, сондай-ақ 3D мультимедиялық бағдарламалары бар фильм көрсетіледі;
2. Ядролық физика институтының Астанадағы филиалы (Абылай хан даңғылы, 2/1). Қатысушылар атом энергетикасының негіздерімен танысады және институт ғимаратын аралай алады;
3. «Spectrum» халықаралық мектебі (Рақымжан Қошқарбаев даңғылы, 11). Мектепте «ХХІ ғасыр көшбасшысы» телешоуы форматында «Aitom danyshpany» зияткерлік ойыны өтеді. Ойын бірнеше айналымнан тұрады, олардың әрқайсысы ядролық физика мен атом ғылымына қатысты белгілі бір тақырыпқа (тарих, физика, қауіпсіздік, келешек) арналған.
Іс-шара оқушыларға, студенттерге, тәрбиешілерге және заманауи ғылым жетістіктеріне қызығушылық танытқандардың барлығына ашық және қолжетімді.
Ең бастысы, промо – тұсаукесер кез келген адамға қызықты оқиғаларға куә болып және оны тамашалауға мүмкіндік береді.
Қатысушылар мен қонақтар өз ойын батыл жеткізіп, тапқырлығы мен танымын көрсетумен қатар жаңа ғылыми білім ала алады.
Қазіргі қоғамда ғылым өмірдің көптеген салаларында шешуші рөл атқарады, оны дамыту мен насихаттау – қоғамды жаңартудың және жастарды белсенді ғылыми қызметке тартудың маңызды факторы.
«Ядролық энергетиканың келешегі» промо – тұсаукесері жарқын әрі есте қаларлық оқиға болмақ.
Қосымша ақпаратты «Астана Дарыны» орталығынан алуға болады: Қабанбай батыр даңғылы, 33, Нұра ауданы әкімдігі, 5-қабат, e-mail: astanadaryn@mail.ru, тел.: 250326