2023-2024 жаңа оқу жылы қарсаңында мамандандырылған білім беру ұйымдарында (№ 9 «Зерде», № 82 «Дарын») мектепте дарындылықты дамыту жолдары мен құралдарын анықтау мақсатында «Заманауи білім беру ортасы жағдайында оқушылардың дарындылығын дамыту» семинарлары өтті.
Іс-шараларға 9-11 сыныптың 198 оқушысы мен 157 мұғалімі қатысты.
Спикерлер ретінде «International Centre of Scientific Collaborations» жеке мекемесінің президенті Л.А. Құсайынова, IQ007 халықаралық жылдам оқу және интеллектті дамыту мектебінің басшысы А.А. Кидришева, педагогикалық шеберлік бөлімінің басшысы А.Д. Садвакасова, «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметі бөлімінің басшысы Н.Ж. Кәрібеков шақырылды.
Спикерлер «Заманауи мектептегі дарынды балаларды анықтау және қолдау», «Оқушының интеллектті дамыту арқылы әлеуетін ашу», «Қазіргі мектеп жағдайында дарынды балаларды анықтау және қолдау мәселесі», «Мамандыққа бір қадам» тақырыптарына сөз сөйледі.
Сөз сөйлеу барысында спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісті, білім беру ұйымдарын цифрлық трансформациялаудың маңыздылығы мен қажеттілігі, оның болашақ ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігі мен оқушылардың ғылыми және зияткерлік дамуына әсері туралы айтты, сонымен қатар, заманауи мектептегі дарынды балаларды анықтау әдістері мен тәсілдеріне, білім беру бағдарламалардың мазмұмына, дарынды балаларды қолдаудағы мұғалімнің рөліне басты назар аударды. Сондай-ақ, «Qabilet» қызметі туралы айтып өтті.
Сындарлы кері байланыс, тақырыпты белсенді талқылау болды.