Бүкіл әлем көз тіккен 5- Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024 жылы 8-14 қыркүйек аралығында елордамыз Астана қаласында өтіп жатыр. Көшпенділер ойындарына 100-ден астам мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысып, 100 мыңнан астам турист келді.
Ежелгі көшпенді халықтардың дәстүрлі спорт түрлерін жандандыру, әлемге насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын ірі халықаралық спорттық шара. Ойындар аясында дәстүрлі спорт ұлттық күрес түрлері, садақ ату, жамбы ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, арқан тарту, көкпар сынды ойынның 20 түрінен жарыс және ұлттық өнердің 10 түрінен арнайы көрсетілім сайыстары өтуде.
Елордамызда алғаш рет болып жатқан ойындарды ұжымымызбен барып тамашаладық. Көшпенділердің баға жетпес мұрасын көруге, ұлтымыз үшін маңызды оқиғаларды, жарыстарды тамашалауға мүмкіндік болды. Дәстүрлі мәдениетін көзімізбен көріп, ерекше сезімде болып, ұмытылмас рухани әсер алдық.
Спортшыларымызға ерік-жігер, лайықты жеңістер тілейміз!