«JasSkills Nur-Sultan-2022» қалалық чемпионатының қорытындысы

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 27 мамыр күні «Астана концерт» залында «WorldSkills Nur-Sultan – 2022» қалалық чемпионатының салтанатты марапатттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсімінде  Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Сенгазыев Қасымхан Сенгазыұлы чемпионаттың жеңіпаздарын құттықтап, сәттілік тіледі.

Чемпионатқа 45 құзыреттілік бойынша 260 жуық жастар, соның ішінде «JasSkills Nur-Sultan – 2022» чемпионатына жалпы білім беру мекемелерінен 3 құзыреттіліктен («Сән технологиясы», «Мейрамхана қызметі», «Электромонтаждық жұмыстар») 8 оқушы  қатысты. Жеңімпаздар медальдармен және дипломдармен марапатталды. Нәтижесі төменгідей:

«Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі:

1 орын –  Давыденко Ярослав – №22 мектеп-гимназиясы;

2 орын – Коломейчук Архип – №22 мектеп-гимназиясы;

3 орын –  Надеин Данил – №22 мектеп-гимназиясы.

«Сән технологиясы» құзыреттілігі:

1 орын – Саян Зауреш – №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі;

2 орын – Сүлейменова Анель – №25 орта мектебі;

3 орын – Сәулет Айсұлу –  №59 мектеп – лицейі.

«Мейрамхана қызметі» құзыреттілігі:

1 орын – Бокижанова Солидат –  №1 мектеп-лицейі;

2 орын –– Башаева Алия – №85 мектеп-лицейі.

          Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!