Бүгін Астана қаласының Білім басқармасы мен Әдістемелік орталығы ұйымдастырған тамыз форумында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғ.Б. Бейсембаев Алма Досжановнаны «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен салтанатты түрде марапаттады.
«Астана дарыны» орталығы Алма Досжановнаны осы лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды және оған жұмысы әріптестері мен оқушыларын шабыттандырып, оларға бағыт беріп отыратын өз ісінің нағыз маманы ретінде білім мен педагогикалық шеберлікті дамытуға қосқан құнды үлесі алғысын білдіреді.
Бұл марапат жаңа жетістіктердің бастамасы болсын! Білім беру игілігі жолындағы алар асуларыңыз таусылмасын, еңбегіңіз жемісті болсын!