«Астана дарыны» орталығының 2024 жылы шілде айында атқарған іс-шаралары туралы ақпарат

Интеллектуалдық іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімі

     Іс – шараларҚатысушылар саныЖүлделі орындар
ІІІІІІБарлығы
1.физикадан ISPhO-2024 халықаралық ғылыми олимпиада111
2.«TUYMAADA» халықаралық олимпиадасы161146
3.IBO-2024 биологиядан 35-ші Халықаралық олимпиада111
 Барлығы: Іс-шаралар – 3181258

2024 жылдың маусым айында 3 халықаралықолимпиада өтті.Халықаралық олимпиадаларға Астана қаласынан 18 оқушы қатысып, 8 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды:

I орын – 1;

II орын – 2;

III орын- 5.

2024 жылдың шілде айының 3 мен 10 аралығында Ресей Федерациясының Югра қаласында физикадан ISPhO-2024 халықаралық ғылыми олимпиада өтті. Олимпиадаға Қазақстан құрама командасының мүшесі дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Пшенбаев Амир қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Пшенбаев Амир (БИЛ ер), күміс медальді иеленді. (II орын – 1).

2024 жылдың шілде айының 3 мен 11 аралығында Саха (Якутия)  республикасынының ұйымдастырумен OF THE M. ALEKSEEV XXXI INTERNATIONAL OLYMPIAD «TUYMAADA» IN MATHEMATICS, PHYSICS, CHEMISTRY AND INFORMATICS халықаралық олимпиадасы математика және химия пәндерінен онлайн өтті.

Олимпиадаға дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының оқушылары қатысты (математика пәнінен). Олимпиада қорытындысы бойынша Астана қаласының құрамасы алтын медаль – Ерасыл Алтынбек (БИЛ ер), күміс медаль Ануар Ағыбаев (БИЛ ер), қола медальға ие болғандар Абай Саятұлы (БИЛ ер), Султанұлы Алиаскар (БИЛ ер), Амирхан Кудайбергенов (БИЛ ер), Бексултан Сайлаубай (БИЛ ер).                                 (І орын – 1; ІІ орын – 1; III орын – 4).

2024 жылдың 7-14 шілде аралығында Астана қаласында IBO-2024 биологиядан 35-ші Халықаралық олимпиада өтті. Бұл оқушылар арасында ең беделді олимпиадалардың бірі. Биылғы олимпиадаға әлемнің 80 елінен 350 жас биологтар қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 4 медаль жеңіп алды. Оның ішінде дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-инернатының 11-сынып оқушысы Бақтыбай Ғалымжан қола медальға ие болды (IІІ орын – 1).