«Астана дарыны» орталығының 2024 жылы маусым айында атқарған іс-шаралары туралы ақпарат

ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАЛАР МЕН КОНКУРСТАР

2024 жылдың маусым айында 8 іс-шара өткізілді, оның ішінде: 3 халықаралық, 3 республикалық, 2 қалалық. Аталған іс–шараларға 16 оқушы және 81 педагог қатысып, 36 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды:

I орын-8;

II орын-14;

III орын-14.

Интеллектуалдық іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімі

     Іс – шараларҚатысушылар саныЖүлделі орындар
ІІІІІІБарлығы
1.Физикадан Азия олимпиадасы (AphO)1  11
2.Авиценна атындағы биологиядан халықаралық олимпиада2 2 2
3.Жасөспірімдер  арасындағы математикадан халықаралық Балқан олимпиадасы (JBMO)11   
 Барлығы: Іс-шаралар – 341214

1) 2024 жылдың маусым айының 5 мен 10 аралығында Малайзияның Кампар қаласында Физикадан Азия олимпиадасы (AphO) өтті. Олимпиадаға дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Пшенбаев Амир қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Пшенбаев Амир қола медальға ие болды (III орын-1).

2) 2024 жылдың маусым айының 9 мен 14 аралығында Өзбекстан Республикасы Бұхара қаласында Авиценна атындағы биологиядан халықаралық олимпиада өтті. Олимпиадаға Қазақстан құрама командасының мүшелері дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Бақтыбай Ғалымжан және Nurorda мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Амангелді Дана қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Бақтыбай Ғалымжан (БИЛ ұл), Амангелді Дана (Nurorda МЛ) күміс медальді иеленді (II орын-2).

3) 2024 жылдың 25-29 маусым аралығында Түркияның Анталия қаласында жасөспірімдер арасындағы математикадан халықаралық Балқан олимпиадасы (JBMO) өтті. Олимпиада Балқан түбегінің 22 елінен келген 135 оқушы арасында өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 6 медаль жеңіп алды. Оның ішінде дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-инернатының 8-сынып оқушысы Алиасқар Сұлтанәлі алтын медальға ие болды (I орын-1).

Дарынды оқушылардың жоба жұмыстары мен конкурстарын ұйымдастыру бөлімі

      Іс – шараларҚатысушылар саныЖүлделі орындар
ІІІІІІБарлығы
1.XXV Мерейтойлық республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсы6 213
2.«Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсы31  1
3.Республикалық  «М.Мақатаев оқулары» байқауы3
 Барлығы: Іс -шаралар – 3  121214

1) 2024 жылғы маусымның 10 мен 13 аралығында Абай облысының Абай ауданыныда өткен XXV Мерейтойлық республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсы өтті. Байқауға 6 оқушы қатысты Жеңімпаздар саны: 3 (ІІ орын-2, ІІІ орын -1), арнайы жүлде – 1.

2) 2024 жылдың 23-25 маусым күндері Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында  республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсы өтті. Байқауға 3 оқушы қатысты. Нәтижесінде: жеңімпаз-1 (І орын -1).

3) 2024 жылдың 16-18 маусым аралығында Алматы облысы Райымбек  ауданы Қарасаз ауылында республикалық  «М.Мақатаев оқулары» байқауы өтті. Байқауға 3 оқушы қатысып, 1-і арнайы жүлдеге ие болды.

Педагогикалық шеберлік және ұйымаралық жобалар бөлімінің

2024 жылғы маусым айында жүргізген жұмыс есебі

Іс-шараларҚатысушылар саныЖүлделі орындар
ІІІІІІОрындар саны
Педагогтердің қатысуымен
1«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының  қорытынды кезеңі40461020
2«Қазақстанның интеллектуалдық әлеуеті» оқушылардың ғылыми қоғамдары арасындағы қалалық конкурсы412428
 Барлығы: Іс -шаралар – 2  816101228

1) 2024 жылдың 6 маусым күні білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының  қорытынды кезеңі өтті. 

Байқау «Мектеп жасына дейінгі балалардың дарындылық қабілеттерін анықтауға және қолдауға бағытталған ортаны дамыту» және «Заманауи педагогикалық технологиялар арқылы дарынды балалар мен талантты жастарды дамыту мен қолдау» бағыттары бойынша өтті.

Байқауға 32 балабақша мен мектептен 40 педагог (тәрбиешілер, әдіскерлер, жаратылыстану-математикалық, қолданбалы цикл бағытындағы пән мұғалімдері) қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті: І орын – 4, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 10, грамота – 7.

2) 2024 жылдың 13 маусым күні білім беру ұйымдарындағы оқушылар ғылыми қоғамдары (ОҒҚ) қызметін анықтап,  озық тәжірибесін насихаттау мақсатында «Қазақстанның интеллектуалдық әлеуеті» ОҒҚ арасындағы қалалық конкурсы өткізілді.

Конкурс келесі командалық құрылым бойынша өтті:

  • мектеп директорының бейіндік ісі жөніндегі  орынбасары;
  • ОҒҚ жетекшісі;
  • педагог-психолог;
  • ғылыми жобалар мен олимпиадаларға дайындаған жетекші мұғалім.

Конкурсқа 11 мектептен 41  педагог қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті: І орын – 2, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 2, грамота – 3.