2023-2024 оқу жылында 165 іс-шара өткізілді, оның 19-ы халықаралық, 45-і республикалық, 84-і қалалық және 17 аудандық. Бұл іс-шараларға Астана қаласы бойынша барлығы 30 741 оқушы қатысты, оның 12094-і жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
1 орын – 1 977;
2 орын – 3973;
3 орын – 6144.
Халықаралық олимпиадалар мен жарыстарға 191 оқушы қатысып, 108-і жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде: 1 орын-15, 2 орын-49, 3 орын-44.
Республикалық олимпиадалар мен жарыстарға 835 оқушы қатысып, 509-ы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде: 1 орын-141, 2 орын-176, 3 орын-192.
Қалалық олимпиадалар мен жарыстарға 16 767 оқушы қатысып, 7289-ы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде: 1 орын-1238, 2 орын-2325, 3 орын-3726.
Аудандық олимпиадалар мен жарыстарда 12 939 оқушы бақ сынап, 4188-і жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде: 1 орын-583, 2 орын-1423, 3 орын-2182.
8 қыркүйек күні «Астана дарыны» орталығының базасында жасөспірімдер арасындағы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасынның (IJSO — International Junior Science Olympiad) іріктеу кезеңі өтті. Іріктеу кезеңіне 2 оқушы қатысты: Макишев Тамирлан (Дарынды ер балаларға арналған «Білім Инновация» ЛИ), Жұмаділ Мұхаммедали («NURORDA» МЛ).
2023 жылдың 9 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында «Отбасылық ғылыми-көпшілік фестиваль» PRO.NRG FEST өтті. Фестивальға 2 000-ға жуық оқушы қатысты. Фестиваль барсында қызықты дәрістер, өз қолымен тәжірбие жасау, ғылыми шоулар болды.
2023 жылдың 20 қыркүйекте «Балалар әлемі» жобасы аясында ұйымдастырылған 8-10 сынып оқушылары арасында Республикалық балалар оқуларының аудандық кезеңі № 52 мектеп-гимназиясының базасында өтті. Шараға Астана қаласының білім беру мекемелерінен 67 оқушы қатысты. Жүлдегерлер саны-17. Республикалық балалар оқуларының қорытындысы бойынша: ІІ орын-3, ІІІ орын-14.
2023 жылдың 23 қыркүйекте Республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық кезеңі №72 мектеп-лицейінің базасында өтті. Елорданың білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында өткен байқауға 273 оқушы қатысты. 118 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын -6, ІІ орын-45, ІІІ орын-67.
2023 жылдың 28-30 қыркүйек аралығында Алматы обылысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында Республикалық Жас ақындар айтысы өтті. Астана қаласынан 2 оқушы қатысты: елордалық №87 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Мислабек Назар «қайым айтыс» бағыты бойынша III орынды иеленсе, № 86 мектеп-гимназиясының 11- сынып оқушысы Жақатаева Науат Жамбыл ауданы әкімінің арнайы сыйлығыменмарапатталды.
2023 жылдың 22 қыркүйек күні Ә. Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының көркемдік-эстетикалық пәндер педагогтері үшін «Бір мұғалім – әртүрлі балалар: дарынды балаларды оқыту мәселелері» тақырыбына семинар өткізді. Семинарға елорданың білім беру ұйымдарынан көркемдік-эстетикалық пәндер педагогтері қатысты.
«Группа Роботек» ЖШС директоры, № 64 мектеп-лицейінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі, М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының зияткерлік, көркемдік шығармашылық бағыттарының қосымша білім беру педагогтері, № 1 Өнер мектебі көркемөнер бөлімінің қосымша білім беру педагогі және Орталықтың «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметі бөлімінің басшысы патриотизмге тәрбиелеу және дарынды балаларды анықтау мен қолдау әдістерін ұсынды.
2023 жылдың 15-20 қыркүйек күндері аралығында елордалық білім беру ұйымдары педагогтерінің арасында «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының жұмыстарына сараптама өткізілді. Конкурстың іріктеу кезеңіне 245 педагог қатысты. Қаралған жұмыстар саны-245. Қазылар алқасының шешімі бойынша сараптамадан 160 жұмыс өтті.
2023 жылдың 03 қазан күні өткен 11-сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша XVI Президенттік олимпиаданың I өңірлік кезеңіне 67 білім беру мекемелерінен барлығы 76 оқушы қатысты. Президенттік олимпиаданың I өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша төрт пәннен (математика, физика, химия, биология пәндері) жоғары балл жинаған 20 оқушы келесі кезеңге өтті.
2023 жылдың 7 қазанда №75 мектеп-лицейінің базасында ІІІ қалалық «Құтты білік» оқулары өтті. Білім беру мекемелерінің 5-7 сынып оқушылары арасында өткен байқауға 194 үміткерқатысып, 4 номинация бойынша 90 жеңімпаз анықталды: І орын-18, ІІ орын-30, ІІІ орын-42.
2023 жылдың 10 қазан күні 9-10 сынып оқушылары арасында «Менің шағын Отаным» жас тарихшылар VII республикалық зияткерлік конкурсының іріктеу кезеңі өткізілді. Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 161 оқушы қатысып, 84 қатысушы қалалық кезеңге жолдама алды.
2023 жылдың 12 қазан күні №52 мектеп-гимназиясының базасында Республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңі өтті. «Балалар әлемі» жобасы аясында өткізілген шараға 16 оқушы қатысып, 8 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын-2, ІІ орын-2, ІІІ орын-4.
2023 жылдың 13 қазан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «National Geographic Qazaqstan» журналының ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен І Ұлттық Олимпиадасы өткізілді. Ұлттық Олимпиаданың І аудандық кезеңіне жалпы 103 білім беру мекемелерінен 391 оқушы қатысты. Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша 158 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды : І орын -4, ІІ орын-26, ІІІ орын-128, грамота-45.
2023 жылдың 14 қазанда №16 орта мектепте білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық Т. Айбергенов оқуларының қалалық кезеңі өтті. Шараға 194 оқушы қатысып, бес номинация бойынша 89 жеңімпаз анықталды: І орын-5, ІІ орын-34, ІІІ орын-50.
2023 жылдың 16 қазанда №8 мектеп-лицейінің базасында республикалық жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» республикалық зияткерлік конкурсының қалалық кезеңі өтті. Білім беру мекемелерінің 9-10 сынып оқушылары арасында өткен байқауға 84 оқушы қатысып, 4 номинация бойынша 45 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын-4 , ІІ орын-14, ІІІ орын-27.
2023 жылдың 18 қазан күні №93 мектеп-лицейінде білім беру ұйымдарының 11-17 жастағы оқушылары арасында «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының аудандық кезеңі өтті. Форумның аудандық кезеңінде 112 оқушы 4 номинация бойынша қатысып, 50 оқушы қалалық кезеңге жолдама алды.
2023 жылдың 20 қазан күніжаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша XVI Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңіне олимпиаданың I өңірлік кезеңінде іріктелген 20 оқушы қатысты.Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңіне қатысқан 20 оқушының 12-сі қорытынды бойынша республикалық кезеңге жолдама алды.
2023 жылдың 21 қазан күні «Астана дарыны» орталығы «ZERDE LIDER» білім беру орталығымен бірлесе отырып 5-6 сынып оқушылары арасында математика және ағылшын тілі пәндерінен қалалық «JAS ERUDIT» олимпиадасының аудандық кезеңін өткізді. Олимпиадаға елордалық білім беру мекемелерінен 386 оқушы қатысты. Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша 129 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын-19, ІІ орын-40, ІІІ орын-70, грамота-49.
2023 жылдың 27 қазан күні «Астана дарыны» орталығы мен «National Geographic Qazaqstan» журналының ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен І Ұлттық Олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді. Ұлттық Олимпиаданың қалалық кезеңіне білім беру мекемелерінен 149 оқушы қатысты. Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша 15 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды : І орын-2, ІІ орын-4, ІІІ орын-9.
2023 жылдың 28 қазан күні «Астана дарыны» орталығы «ZERDE LIDER» білім беру орталығымен бірлесе отырып5-6 сынып оқушылары арасында математика және ағылшын тілі пәндерінен қалалық «JAS ERUDIT» олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға 123 қатысушы қатысып, 45 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын-4, ІІ орын-16, ІІІ орын-25.
2023 жылдың 28 қазанда №38 мектеп-лицейінің базасында республикалық «Махамбет оқулары» байқауының қалалық кезеңі өтті. Білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында өткен байқауға 216 оқушы қатысып, 5 номинация бойынша 90 жеңімпаз анықталды: І орын-5, ІІ орын-28, ІІІ орын-57.
2023 жылдың 29 қазан-1 қараша аралығында Ақтөбе қаласында Жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VІ республикалық интеллектуалдық конкурсы өтті. Республикалық конкурсқа Астана қаласынан 8 оқушы қатысып, 6 оқушы жеңімпаз атанды: I орын-4, II орын-2.
2023 жылдың 7 қазан күні Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Д. Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейі базасында «Қазақстандағы мектепке дейінгі және орта білім беруді жетілдірудің тұжырымдамалық тәсілдері: заманауи трендтер мен іске асыру жолдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференцияның пленарлық және секциялық отырыстарына елордалық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының 200 астам педагогі қатысты.
2023 жылдың 8 қазан күні №59 мектеп-лицейінде Астана қаласының Білім басқармасы, «Дарын» РҒПО, «Астана дарыны» орталығы және Қазақстан Математика пәні мұғалімдері қауымдастығының ұйымдастыруымен математика және физика пәні мұғалімдеріне арналған V шығармашылық байқау өтті. Байқауға 150-ден астам мұғалім, оның ішінде елорданың білім беру ұйымдарынан математика және физика пәндерінің 121 мұғалімі қатысты.
2023 жылдың 13 қазан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Абай Құнанбайұлы атындағы № 87 мектеп-гимназиясында елордалық білім беру ұйымдары педагогтерінің арасында республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының қалалық кезеңін өткізді. Қалалық кезеңге іріктеуден өткен 160 педагог қатысты. Қаралған жұмыстар саны-154. Конкурстың қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті:І орын-12,ІІ орын-19,ІІІ орын-37, грамота-35.
2023 жылдың 31 қазанында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2023-2024 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес республикалық «Үздік жыл психологі» конкурсының қалалық кезеңін өткізді. Қалалық кезеңге білім беру ұйымдарының сараптамадан өткен 43 педагог-психолог қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті: І орын-2,ІІ орын-3,ІІІ орын-7, грамота-35.
2023 жылдың 30.10-02.11 күндері аралығы Жезқазған қаласында Қ. Сәтбаев атындағы 9 сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша олимпиадасының іріктеу кезеңі өтті. Олимпиадаға республиканың барлық өңірінен келген 75 оқушы-республикалық жасөспірмдер олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты. Астана қаласы оқушыларының командасы 9-сынып арасында 3 оқушыдан құрылды. Команда жоғары нәтиже көрсеткені үшін «Үздік команда» Канада елшілігі мәлімдеген кубогын алды. Жас химиктер командасы 3 жүлделі орынға ие болды. Алтын медаль Асқарбек Біржан («NURORDA» МЛ), Алтын медаль Елизавета Гранковская (№27 МЛ), Күміс медаль Балтекен Арман (БИЛ ер) I орын-2, II орын-1.
2023 жылдың 1 қараша күні Астана қаласындағы Назарбаев университетінің базасында Республикалық балалар оқулары өтті. Республикалық байқауға 3 қатысушы қатысты. Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша елордадағы №64 МЛ 10 сынып оқушысы Адрейсова Жаннұр жүлделі II орынды иеленсе, №66 МЛ 8 сынып оқушысы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің алғыс хатымен марапатталды. II орын-1
2023 жылдың 1-2 қараша күндері Астана қаласындағы Riviera International School by Quantum мектебінің базасында 8-11 сынып оқушыларына арналған «STEM Олимпиада-білім берудегі Инновация» олимпиадасының халықаралық кезеңіне 30 команда қатысты. Олимпиадаға Астана қаласынан 33 қатысушы қатысты. Елордалық командалардың арасынан Қ. Сәтбаев атындағы Binom school мектеп – лицейінің оқушылары Рзаханов Тамирлан, Қожабек Аян – II орын иеленді. II орын-2.
2023 жылы 2-3 қараша аралығында Алматы қаласында Республикалық Төлеген Айбергенов оқулары өтті. Елордалық 5 оқушы қатысып, 5 номинация бойынша бақтарын сынады. Республикалық оқулардың қорытындысы бойынша 4 жүлдегерлер анықталды: II орын -1, III орын-3.
2023 жылдың 3-4 қараша аралығында Қарағанды қаласында Roboland VIII Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі өтті. Фестивальға Астана қаласынан 20 оқушы қатысты. Кегельринг-квадро X2 санатында Milestone мектебінің командасы: 4 – сынып оқушылары Шалабаев Тимур, Қайратұлы Дарын I орынды және RoboLand Kazakhstan санатында Alpamys мектебінің командасы Назиденов Серік, Надирбеков Әзілхан III орынды иеленді. I орын -2, III орын-2.
2023 жылдың 4 қараша күні онлайн форматта Информатикадан Еуразиялық олимпиадасының (іріктеу кезеңі) өтті. Іріктеу кезеннің қорытындысы бойынша 14 оқушы 11-12 желтоқсан күні Алматы қаласында өтетін келесі кезеңге жолдама алды.
2023 жылдың 5-8 қараша аралығында Ақтөбе қаласында өткен оқушылардың «Ғалам сенің қолыңда» II Республикалық астрономиялық олимпиадаға №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінен 4 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 4 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: I орын -2, II орын -1, III орын-1.
2023 жылдың 10 қараша күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 8-10 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының І аудандық кезеңін №6 гимназия базасында өткізді. Олимпиадаға жалпы білім беру мекемелерінен 120 оқушы қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған 58 оқушы ІІ қалалық кезенге жолдама алды.
2023 жылдың 15 қараша күні мектепке дейінгі ұйымдар арасында мектеп жасына дейінгі барлық этностағы балаларға арналған отбасылардың қатысуымен «Шаңырақ» республикалық бейнероликтер байқауының қалалық кезеңі өтті. «Шаңырақ» байқауына 17 балабақшадан 22 бүлдіршін қатысты. Байқаудың нәтижесі бойынша: І орын-1, ІІ орын-4, ІІІ орын-7, грамота-3.
2023 жылдың 17 қараша күні Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауы М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында өтті. «Елорданың еркетайы» қалалық байқауына өткен 40 мектепке дейінгі білім беру ұйымының 54 өнер шығармасымен 5-6 жас арасындағы 381 тәрбиеленушісі Ережеге сәйкес «Вокалдық топ», «Вокал», «Хореография», «Балалар музыкалық аспаптарында ойнау» номинациялары бойынша сахнада сайысқа түсті. Қалалық өнер байқауының 4 номинациясында барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны – 40: І орын-12; ІІ орын-12; ІІІ орын- 16; грамота-14.
2023 жылдың 23 қараша күні «Астана дарыны» орталығы №52 мектеп-гимназиясымен бірлесіп, «Бейімбетті білмек парыз» қалалық Бейімбет Майлин оқуларын өткізді. Конкурсқа 177 оқушы қатысып, 43 жеңімпаздар бен жүлдегерлер анықталды: І орын-4, ІІ орын -15, ІІІ орын-24, грамота-22.
2023 жылдың 29 қараша күні «ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауының іріктеу туры бойынша «Астана дарыны» орталығында қазылар алқысының жұмысы ұйымдастырылды. Қазылар алқасының отырысында Астана қаласы әкімдігінің №1, №2, №3 арнайы мектептердегі ерекше білім алуды қажет ететін балалар арасынан вокал, хореография, мәнерлеп оқу номинациялары бойынша Ережеге сәйкес жас ерекшелігіне қарай 40 өнер шығармасының (81 өнерпаз) бейнематериалы қаралды. Барлығы 20 өнер шығармасы (қатысушы саны – 49) қазылар алқасының шешімімен қалалық байқауға жолдама алды.
2023 жылдың 21-24 қараша аралығында Е. Букетов атындағы Қарағанды университетінде 11(12)-сынып түлектеріне арналған XVI Президенттік олимпиада жаратылыстану-математика циклі (математика, физика, химия, биология пәндері бойынша) республикалық кезеңі өтті. Республикалық кезеңге Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 12 білім алушы қатысты. XVI Президенттік олимпиаданың жаратылыстану-математика циклі республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша 4 оқушы жүлделі орындарға ие болды: ІІ орын-1, ІІІ орын-3.
2023 жылдың 24 қараша күні «Астана дарыны» орталығы №58 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып 8-11 сынып оқушылары арасында қалалық «Қазақ хандығы» турнирін ұйымдастырды. Турнирге жалпы 37 ойыншы қатысты. Турнир қорытындысы бойынша 3 жеңімпаз анықталды. «Хан»- Асатулла Қайрат №56 МГ; «Сұлтан»-Темірбеков Бақдәулет №52 МГ; «Сұлтан» – Өтеген Әлімхан Қ. Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL МЛ. І орын-1; ІІ орын-2.
2023 жылдың 24 қараша күні «Астана дарыны» орталығы №80 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып, қалалық Сәкен оқуларын өткізді. 8-11 сынып оқушылары арасында байқауға 153 оқушы қатысып, 6 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын -1, ІІ орын -2, ІІІ орын-3, грамота-4.
2023 жылдың 24-26 қараша күндері Ақтау қаласында «Ақберен» республикалық өнер байқауы өтті. Байқауға қатысқан 6 қатысушының 3-і жүлделі орындарға ие болды: ІІ орын-1, ІІІ орын-2, грамота-1.
2023 жылдың 25 қараша күні республикалық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық конкурсының қалалық кезеңі өтті. Конкурсқа 516 жоба мен 601 оқушы қатысты. 301 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын-17, ІІ орын-102, ІІІ орын-182, грамота-82.
2023 жылдың 28 қараша күні «Астана дарыны» орталығы лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың II қалалық кезеңін №6 гимназия базасында өткізді. Олимпиадаға 45 жалпы білім беретін мекемелерінен 57 оқушы қатысты. Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 27 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын-1, ІІ орын-8, ІІІ орын- 18, грамота-3.
2023 жылдың 25 қараша күні 3-4 сынып оқушыларына арналған республикалық «АЛТЫН САҚА» олимпиадасының аудандық кезені бес аудан бойынша өтті. Мектепшілік кезеннің қорытындысы бойынша қатысқан 836 оқушыдан 340 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, қалалық кезеңге өтті: І орын-77, ІІ орын-133, ІІІ орын-130, грамота-102.
«Астана дарыны» орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 22 қараша күні №93 мектеп-лицейінде білім беру ұйымдарының 11-17 жастағы оқушылары арасында «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының қалалық кезеңі өтті. Форумның қалалық кезеңінде 47 оқушы 4 номинация бойынша бақтарын сынап, 29 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды:I орын-9, II орын-9, III орын-11, грамота-19.
2023 жылдың 23-25 қараша аралығында Халықаралық «EXPO» көрме орталығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «WorldSkills Kazakhstan-2023» республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауға еліміздің әр өңірінен келген 550- ге тарта қатысушы 30 құзыреттіліктен сынға түсті. Оқушылардың кәсіби бағдарын арттыру және оларды кәсіптік техникалық мамандықтарға қызықтыру мақсатында көрмеге 90 – ға жуық білім беру мекемелерінен 4500 8-10 сынып оқушылары қатысты. «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметі бөлімінің мамандары көрмеге келген оқушыларға экскурсия ұйымдастырып, қызықтырған сұрақтарына жауап берді.
2023 жылдың 7 желтоқсан күні№84 мектеп-лицейінде елорданың білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндерден республикалық ғылыми жоба конкурсының ІІ (қалалық) кезеңі өтті. Конкурстың ІІ (қалалық) кезеңіне 689 үміткер қатысып, 4 бағыт, 20 секция бойынша бақтарын сынады. Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны 388: І орын-52, ІІ орын-120, ІІІ орын-216, грамота-104.
2023 жылдың 7 желтоқсан күні 10-11 сынып оқушыларына арналған республикалық «Алтын түлек» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Мектепішілік кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсетіп, аудандық кезеңге қатысқан 424 оқушының 190-ы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын-45, ІІ орын-84, ІІІ орын-61, грамота-73.
2023 жылдың 11-12 желтоқсан күндері Алматы қаласында «Almaty Tech Cup 2023» кубогына арналған робототехника чемпионаты өтті. Астана қаласынан қатысқан командалар жүлделі орындармен оралды: І орын-1, ІІ орын-1.
2023 жылдың 11-12 желтоқсан күндері Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің базасында информатикадан Еуразиялық олимпиада өтті. Астана қаласының 4 командасы: жасөспірімдерге арналған БИЛ және «NURORDA» мектеп-лицейінің оқушылары жоғары білім деңгейін көрсетіп, 4 қатысушы жүлдегер атанды: ІІ орын-3, ІІІ орын-1.
2023 жылдың 13 желтоқсан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының іріктеу кезеңінде тестілеу өткізілді. Астана қаласынан 366 оқушы елордадағы ІТ университетінің базасында физика, техника, жер және ғарыш туралы ғылым, математика, қолданбалы математика, информатика, экономика, химия, биология, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы, тарих, адам және қоғам, өлкетану, этномәдениеттану, тіл білімі және әдебиет секциялары бойынша тест тапсырды.
2023 жылдың 14 желтоқсан күні 8-11(12) сынып оқушыларына арналған лингвистикадан республикалық іріктеу олимпиадасы өтті. Республикалық олимпиадаға Астана қаласынан 3 оқушы қатысып, 2 -еуі III орынға ие болды.
2023 жылдың 15 желтоқсан күні арнайы мектептердегі ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауының офлайн турына бейнематериал бойынша іріктеуден өткен вокал, хореография, мәнерлеп оқу номинацияларынан барлығы 20 өнер шығармасы (қатысушы саны-49) және робототехникадан 3 команда (6 оқушы) қатысты. Арнайы мектептердегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға арналған «ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауы қатысушыларының сахнадағы өнерін қазылар алқасы саралап, төмендегідей қорытынды шығарды: І орын-3, ІІ орын-4, ІІІ орын-2.
2023 жылдың 16-18 желтоқсан күндері «Infomatrix-Asia» халықаралық компьютерлік жобалар жарысы өтті. Халықаралық додаға елордалық 59 қатысушы қатысып, 12 қатысушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын-2, ІІ орын-5, ІІІ орын-5.
2023 жылдың 19 желтоқсан күні жалпы білім беретін пəндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңі жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша өтті. Олимпиадаға 1660 оқушы қатысып, 619 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын-90, ІІ орын-163, ІІІ орын-366.
2023 жылдың 20 желтоқсан күні жалпы білім беретін пəндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңі қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша өтті. Олимпиадаға 1811 оқушы қатысып, 823 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын-123, ІІ орын-320, ІІІ орын-380.
2023 жылдың 23 желтоқсан күні «Астана дарыны» орталығы №51 мектеп-гимназиясымен бірлесіп «Мұстафа Шоқай-бүкіл түркі жұртының ұлы перзенті» II халықаралық конференциясын өткізді. Конференцияға 48 оқушы қатысып, 15 -і жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын-3, ІІ орын-5, ІІІ орын-7, грамота-12.
2023 жылдың 23-24 желтоқсан күндері Астана қаласындағы №8 мектеп-лицей базасында «Robotek Grand Tournament» чемпионатының қалалық іріктеу кезеңі өтті. Чемпионатқа мемлекеттік, жекеменшік мектептер мен робототехника үйірмелерінен 75 команда қатысты. Роботтарды инженерлік жобалауға және бағдарламалауға инновациялық көзқараспен ерекшеленген «Робокопы», «Golden RoboDS», «UBES», «Skillset», «NeoStem», «Роботек» және «№8 мектеп» командалары 7 сайыс номинациясында бірінші орынды иеленді.
2024 жылдың 04-05 қаңтар күндері 9-11 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың III (қалалық) кезеңі өтті. Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 802 оқушы қатысып, 366 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: I орын-50, II орын-97, III орын-219. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 888 оқушы қатысып, 399 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: I орын-50, II орын-121, III орын-228.
2024 жылдың 8 – 13 қаңтары аралығында Алматы қаласында Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 17 астаналық оқушы қатысып, 15 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: I орын-2, II орын-5, III орын-8.
2024 жылы 19 қаңтарда әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы III (қалалық) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қалалық кезеңде 765 оқушы жоғары нәтиже көрсетіп, I, II, III дәрежелі медальдар мен дипломдардың иегері атанды.
2024 жылдың 27 қаңтарында №64 мектеп-лицейінде 8-11 сынып оқушылары арасында IV қалалық «Мәуелі мұра» оқулары өтті. Шараға 4 төрт номинация бойынша 175 оқушы қатысты. «Мәуелі мұра» оқулары қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар саны-59, оның ішінде: I орын-7; II орын-15; ІІІ орын-37.
2024 жылдың 30 қаңтар-1 ақпан аралығында Ақмола облысының Щучье қаласында 2-7 сыныптар арасында XIX Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстар байқауы өтті. Астана қаласынан 50 оқушы 42 жобамен қатысып, оның 37-сі үздік нәтиже көрсетіп, 14 алтын, 13 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.
2024 жылдың 9 қаңтар күні Орталық Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom school мектеп-лицейімен бірлесе отырып оқушылардың көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, Қадыр Мырза Әлі шығармаларының рухани құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіру, поэзияға, қаламгердің рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында 4-9 сынып оқушылары арасында «Қадыр мұрасы» қалалық байқауын өткізді. Байқауға 88 білім беру мекемелерінен 210 оқушы қатысты.Қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді: Бас жүлде-4 ; I орын-14; II орын-28 ; III орын-42; грамота-43.
2024 жылы 19 қаңтардаОрталық№67 гимназиямен бірлесе отырып І.Есенберлиннің тарихи және әдеби мұрасымен таныстыру, насихаттау, оқушылардың шығармашылық зерттеу, ғылыми қабілеттерін арттыру, әдеби тіл байлығын кеңейту, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, жазушының шығармаларының рухани құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында «Есенберлин тағылымы» аймақтық Есенберлин оқуларын өткізді. Оқуларға 69 білім беру мекемелерінен 153 оқушы қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар келесі нәтижелерді көрсетті:I орын- 4, II орын-14 ; III орын-19; грамота – 26.
2024 жылдың 11 қаңтарында «Астана дарыны» орталығы «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығымен бірлесе отырып «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасы қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімін өткізді. 37 бастауыш сынып педагогі І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, 13 педагогке грамоталар табысталды.
2024 жылдың 17 қаңтар күні «Nurorda» лицейінде «Астана дарыны» орталығы білім саласына маманданған «Qurmet» компаниясымен бірлесе отырып «Steam – барлығына арналған мүмкіндіктер» семинарын өткізді.
Мақсаты – Steam тұжырымдамасын білім беру үдерісіне енгізу аспектілерін тереңірек түсінуге бірегей мүмкіндік беру. Семинарға Астана қаласы Binom мектеп-лицейлері мен жекеменшік білім беру ұйымдарының директорлары, орынбасарлары және мұғалімдері қатысты.
2024 жылдың 22 қантарында № 52 мектеп-гимназиясында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» ауызша командалык олимпиада аясындаелорда мектептерінің бастауыш және қазак тілі мен әдебиеті мұғалімдерінеарналған «Сатылай кешенді окыту технологиясы» семинары өтті.
Семинардың мақсаты: «Сатылай кешенді окыту» технологиясын қазақ тілі мен әдебиеттік оқыту сабақтарында пайдалану арқылы мамандардың кәсіби біліктілігін көтере отырып, білім сапасын арттыру. 2024 жылдың сәуір айында мұғалімдерге арналған «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша 72 сағаттык курс өткізіледі.
2024 жылдың 01 ақпан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 – сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңі өтті. Аудандық кезеңге 770 оқушы қатысып, 272 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын-34, ІІ орын-85, ІІІ орын-153.
2024 жылдың 01-02 ақпан күндері бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVII республикалық математикалық турнирінің қалалық кезеңіне іріктеу өтті. Турнирге 429 оқушы қатысып, қалалық кезеңге 288 оқушы өтті.
2024 жылдың 02 ақпан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 6 -сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңі өтті. Аудандық кезеңге 764 оқушы қатысып, 379 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын-35, ІІ орын-125, ІІІ орын-219.
2024 жылдың 07 ақпан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 7 – сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңі өтті. Аудандық кезеңге 1125 оқушы қатысып, 409 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын-48, ІІ орын-128, ІІІ орын-233.
2024 жылдың 08 ақпан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 8 – сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңі өтті. Аудандық кезеңге 1126 оқушы қатысып, 479 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын-54, ІІ орын-146, ІІІ орын-279.
2024 жылдың 13 ақпан күні қыз балаларға арналған Еуропалық
халықаралық математикалық олимпиадасы (EGMO) іріктеу кезеңінің I туры дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ – ИННОВАЦИЯ» лицей – интернатының базасында өтті. Астана қаласы білім беру мекемелерінен 5 оқушы қатысты.
2024 жылдың 23 ақпан күні жекеменшік балабақша тәрбиеленушілеріне арналған қалалық «Елорданың еркетайы» байқауының іріктеу кезеңіөтті. Іріктеу кезеңіне 835 тәрбиеленуші қатысып, қалалық кезеңге 4 номинация бойынша 517 тәрбиеленуші өтті.
2024 жылдың 24 ақпан күні бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVII республикалық математикалық турнирінің қалалық кезеңі өтті. Қалалық кезеңге 288 оқушы қатысып, 97 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын-11, ІІ орын-34, ІІІ орын-52.
2024 жылдың 26 ақпан -1 наурыз аралығында Тараз қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсы өтті. Астана қаласынан 47 жобамен 64 оқушы қатысып, 6 алтын, 15 күміс, 12 қола медаль және 5 грамотаиеленді. Жеңімпаздар саны-33.
2024 жылы 24 ақпанда №82 «Дарын» мамандандырылған лицейініңбазасында «Сөз – ғажайып әлем» қалалық байқауы өтті.
Білім беру мекемелерінің 2-4 сынып оқушылары арасында өткен байқауға 273 үміткер қатысып, «Мықты болсаң, тауып көр», «Сөз мәйегі …», «Ұшқыр ой» номинациялары бойынша бақтарын сынады. Қалалық байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар саны-120.
- дың 2 ақпан күні мектеп оқушылары арасында Ы.Алтынсарин
шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, әдеби тіл байлығы мен көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, ағартушы еңбектерін зерттеп, терең меңгеруге қызығушылығын ояту мақсатында Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып 8-11 сынып оқушылары арасында қалалық «Ұлы Дала қоңырауы» байқауын өткізді. Конкурсқа 62 білім беру мекемелерінен 114 оқушы қатысты.Қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді: I орын-2, II орын-5, III орын-7, грамота-6.
2024 жылдың 29 ақпан күні Әлихан Бөкейхан мен Алаш қайраткерлерінің өмір жолына қызығушылықтарын ояту, шығармаларын насихаттау, оқушылардың әдебиеттік шығармаларға құштарлығын арттыру мақсатында Орталық Әлихан Бөкейхан атындағы № 76 мектеп-лицейімен бірлесе отырып «ӘЛИХАН және АЛАШ» қалалық зияткерлік үстел ойынын өткізді.Байқауға 55 білім беру мекемелерінен 58 оқушы қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар төмендегідей нәтижелер көрсетті: бас жүлде-1, I орын-1, II орын-3, III орын-3, грамота-4.
2024 жылдың 10 ақпан – 16 наурыз аралығында № 52 мектеп-гимназиясында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын қазақ тілі пәні бойынша мектеп тәжірибесіне енгізудің тиімділігі» тақырыбында 80 сағаттық ақылы курсы өтті. Курсты технология тренері А.Қ. Қазыбай жүргізді.Курстың мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеттік оқыту сабақтарында «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының стратегиялары мен инновациялық амалдарын пайдалану арқылы мамандардың кәсіби біліктілігін көтере отырып, білім сапасын арттыру. Курс аяқталғаннан кейін «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша қатысушылар оқу нәтижелерін көрсету мақсатында сынақтан өтеді (мұғалімдер олимпиадасы).
2024 жылдың 13-20 ақпан аралығында «Астана дарыны» орталығы қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагогтерге арналған «Идеялар марафоны» аймақтық байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты – қосымша білім беру педагогтерінің шығармашылық әлеуетін дамытуға, заманауи педагогикалық тәжірибені жалпылау мен насихаттауға ықпал ету. Іс-шараға қатысу үшін елорданың және Көкшетау қаласының 51 педагогі тіркеліп, оның 48-і байқауға қатысты.
2024 жылдың 22-23 ақпан аралығында кәсіптік-техникалық колледжінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесе отырып математикадан бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасын өткізді.Мақсаты – педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, мұғалім тұлғасының шығармашылық әлеуетін дамыту.Іс-шараға олимпиаданың қалалық кезеңінен өткен елордалық 8 педагог қатысты.Олимпиаданың қорытындысы бойынша елордалық қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті: I орын-1, II орын-5, III орын-1, грамота-1. Педагогтер «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының дипломдарымен, грамотасымен марапатталды. Командалық есеп бойынша Астана қаласының қатысушылары I орынды иеленді.
2024 жылдың 23 ақпанында білім беру ұйымдарының бастауыш сынып педагогтері арасында «Педагогикалық идеялар панорамасы» қалалық байқауының қорытынды кезеңі өтті. Мақсаты: мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуға және озық инновациялық тәжірибелерін таратуға ықпал ету.Қалалық кезеңге іріктеуден өткен 59 педагог қатысты (15-21 ақпан аралығында сараптама кезеңі барысында 72 жұмыс қаралып, оның 69-ы сараптамадан өтті). Байқаудың қорытындысы бойынша қатысушылар келесі бағыттар бойынша төмендегідей нәтиже көрсетті:
– қазақ тілі мен әдебиеттік оқу қазақ мектептерінде диплом: І орын-2, ІІ орын-2, ІІІ орын-3, грамота-4;
– қазақ тілі мен әдебиеттік оқу орыс мектептерінде диплом: ІІ орын-1, ІІІ орын-1, грамота-2;
– орыс тілі мен әдебиеттік оқу қазақ мектептерінде диплом: І орын-2, ІІ орын-2;
– орыс тілі мен әдебиеттік оқу орыс мектептерінде диплом: ІІ орын-2, ІІІ орын-3;
– ағылшын тілі диплом: І орын-1, ІІ орын-2, ІІІ орын-1, грамота – 1;
– дүниетану, жаратылыстану диплом: І орын-1, ІІ орын-2, ІІІ орын-3, грамота – 4;
– математика диплом: І орын-1, ІІ орын-1, ІІІ – 1, грамота – 2.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» орталығының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталды.
2024 жылдың 23 ақпанында № 9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің базасында математика мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» олимпиадасы өтті. Олимпиаданың мақсаты: педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын арттыру.Олимпиадаға елордалық 65 білім беру мекемесінен 84 математика мұғалімі қатысты.Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті:
І орын-6, ІІ орын-8, III орын-12, грамота – 11.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» орталығының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталды.
2024 жылдың 24 ақпанында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Digital Education Technologies» ЖШС-мен бірлесіп, информатика пәні мұғалімдеріне арналған «ПедОлимп» қалалық қашықтық олимпиадасын өткізді. Мақсаты: елордалық білім беру ұйымдары информатика пәні мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту. Олимпиадаға білім беру ұйымдарының 255 мұғалімі қатысты, олар Codeforces.com платформасында есептерді шешті.Олимпиада онлайн форматында өтті.
2024 жылдың 01 наурыз күні «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңі 5 бағыт бойынша өткізілді. Олимпиадаға қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасынан барлығы-282 оқушы қатысып, 125 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын-13, ІІ орын-50, ІІІ орын-62.
2024 жылдың 4 наурыз күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың үшінші (қалалық) кезеңі өтті. Қалалық кезеңге 5 сынып бойынша 323 оқушы қатысып, 135 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын-13, ІІ орын-45, ІІІ орын-77. 6 сынып бойынша-342 оқушы қатысып, 154 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын-13, ІІ орын-62, ІІІ орын-79.
2024 жылдың 5 наурыз күні жекеменшік балабақшалардың мектепалды даярлық топтары арасында қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауы М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында өтті. Өнер байқауының қалалық кезеңінде «Вокалдық топ», «Вокал», «Хореография», «Балалар музыкалық аспаптарында ойнау» номинациялары бойынша 463 қатысушы 74 өнер шығармасымен қазылар алқасы назарына ұсынылып, 75 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын-26, ІІ орын-27, ІІІ орын-22.
2024 жылдың 6 наурызында қаржы және экономика пәндері бойынша республикалық олимпиаданың бірінші іріктеу кезеңі өтті. Іріктеу кезеңіне 98 қатысушы қатысып, оның ішінде ІІ (қалалық) кезеңге 13 қатысушы өтті.
2024 жылдың 12 наурыз күні мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқаудың қалалық кезеңіне барлығы 14 балабақшадан 119 тәрбиеленуші қатысты. Нәтижесінде 9 балабақша жеңімпаз бен жүлдегер атанды. Оның ішінде: І орын-3, ІІ орын-3, ІІІ орын-3.
2024 жылдың 13-15 наурызы аралығында математикадан Азия-Тынық мұхиты және «Жібек жолы» олимпиадалары Алматы қаласында өтті. Халықаралық олимпиадаларға Астана қаласы бойынша 9-11 сыныптан 23 оқушы қатысты. Азия-Тынық мұхиты олимпиадасының қорытындысы бойынша ІІ орын-11, ІІІ орын-12.
2024 жылдың наурыз айының 13-14 күндері мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі мектепалды топтары арасында ІІІ қалалық «Бестемше» ұлттық ойыны жарысының аудандық кезеңі өтті. Аталмыш жарыстың аудандық кезеңіне қатысқан 33 тәрбиеленушінің 19-ы жеңімпаз–жүлдегерлер қатарынан көрінді: І орын-5, ІІ орын-6, ІІІ орын-8.
2024 жылдың 15 наурыз күні мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі мектепалды топтары арасында ІІІ «Бестемше» қалалық ұлттық ойыны жарысы өтті. Қалалық кезеңге аталмыш ойын жарысының аудандық кезеңінде жеңімпаз-жүлдегерлер атанған 15 қатысушы қатысып, 6 қатысушы жүлделі орындарға ие болды: І орын-1, ІІ орын-2, ІІІ орын-3.
2024 жылғы 18-21 наурыз аралығында Математика, физика пәндері бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиада Астана қаласында өтті. Олимпиадаға жалпы 24 қатысушы қатысты. Олимпиаданың қортындысы бойынша Астана қаласының командасы 17 медаль иеленіп, Астана командасы «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясына ие болды. Оның ішінде: І орын-5, ІІ орын-6, ІІІ орын-6.
2024 жылдың 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласында республикалық физика-математикалық мектеп базасында 2-4 сынып оқушыларына арналған XVII республикалық математикалық турнирі өтті. Астана қаласы бойынша математикалық турнирдің қалалық кезеңі жеңімпаздарынан құралған екі команда (жалпы қатысушы 6) қатысып, 10 оқушы жүлдегер атанды. Оның ішінде: ІІ орын-6, ІІІ орын-4.
2024 жылдың 26-28 наурыз аралығында Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында XVI Эйлер атындағы халықаралық математика олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті. Олимпиаданың қорытынды кезеңіне Астана қаласынан 6 оқушы қатысып, 3 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын-1, ІІ орын-1, ІІІ орын-1.
2024 жылдың 24-28 наурыз аралығында 9-11 (12) сынып оқушылары арасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиада Алматы қаласында өтті. Астана қаласынан география пәні бойынша 8, информатика пәні бойынша 9 оқушы қатыстып (жалпы 17), олардың 13-і жүлделі орындарға ие болды: І орын-2, ІІ орын-2, ІІІ орын-9.
2024 жылдың 25-29 наурыз аралығында Түрікменстан мемлекеті, Аркадаг қаласында Махтумкули Фрагидің 300 жылдығына орай ұйымдастырылған математикадан Халықаралық олимпиада өтті. Халықаралық олимпиадада 13 мемлекеттен (Қытай, Ресей, Иран, Тәжікстан және т.б) 128 қатысушы бақтарын сынады. Халықаралық додада Астана қаласының намысын 6 оқушы қорғап, 4 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: ІІ орын-2, ІІІ орын-2.
2024 жылдың 27-31 наурыз аралығында Павлодар қаласында 9-11 (12) сынып оқушылары арасында химия және биология пәндерінен республикалық олимпиада өтті. Олимпиадаға Астана қаласынан 21 оқушы (хиямия пәнінен 9, биология пәнінен 12) қатысып, 12 қатысушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын-3, ІІ орын-2, ІІІ орын-7.
2024 жылы 5-6 наурыз күндері Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің базасында 11 (12) – сынып оқушыларының Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсы өтті. Халықаралық деңгейдегі шараға Астана қаласынан 5 жобамен 7 оқушы қатысты. Нәтижесінде: І орын-1, ІІІ орын-1.
2024 жылы 16 наурызда №38 мектеп-лицейінің базасында «ProEco» республикалық конкурсының қалалық кезеңі өтті. Елорданың білім беру мекемелерінің 5-11 сынып оқушылары арасында өткен байқауға 140 үміткер қатысып, 4 номинация бойынша бақтарын сынады. Жеңімпаздар саны-78:
- «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» номинациясы бойынша: І орын-1, ІІ орын -3, ІІІ орын-6.
- «Туған өлке табиғаты» номинациясы бойынша:І орын-1, ІІ орын-4, ІІІ орын-4.
- «Таза қала сізден басталады» номинациясы бойынша: І орын-1, ІІ орын-3, ІІІ орын-9.
- « Үздік экологиялық бастама» номинациясы бойынша: І орын-1, ІІ орын-6, ІІІ орын-16.
«Ғылымдағы балалар» жобасы аясында 2024 жылы 24 наурызда Алматы облысы Еңбекші ауданы Түрген ауылындағы «Денсаулық» сауықтыру орталығының базасында ұйымдастырылған дарынды балаларға арналған ғылыми лагерьге Астана қаласының білім беру мекемелерінен 11 оқушы қатысты: 8-сынып бойынша-4; 9-сынып бойынша – 6 оқушы; 10-сынып бойынша – 1оқушы.
2024 жылдың 2 наурыз күні № 82 «Дарын» мамандандырылған лицейінде 8-11 сынып оқушыларына арналған Ө.М. Сұлтанғазин атындағы қалалық математикалық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 42 білім беру ұйымынан 155 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті:8 сыныптар бойынша I орын-2, II орын-4, III орын-8, грамота-5; 9 сыныптар бойынша I орын-2, II орын-5, III орын-8, грамота-3;
10 сыныптар бойынша I орын-2, II орын-5, III орын-7, грамота-13; 11 сыныптар бойынша I орын-2, II орын-2, III орын-3, грамота-7; Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» орталығының І, II, III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталды.
2024 жылдың 4-6 наурыз күндері «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығы Алматы қаласы «Алтын Қарғалы» шипажайында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасын өткізді. Мақсаты – жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге болашақ мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру. Іс-шараға олимпиаданың қалалық кезеңінен өткен 8 елордалық педагог қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша елордалық қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті: I орын-1, III орын-4, грамота-2. Педагогтер «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының дипломдарымен, грамотасымен марапатталды.
2024 жылдың 4-6 наурыз күндері «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығы Алматы қаласы «Алтын Қарғалы» шипажайында «Үздік жыл психологі» республикалық конкурсын өткізді. Мақсаты – дарынды психологтерді анықтау және қолдау, олардың одан әрі кәсіби және шығармашылық өсуіне ықпал ету, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы психологтердің озық тәжірибелерін насихаттау және тарату. Іс-шараға конкурстың қалалық кезеңінен өткен 6 елордалық педагог-психолог қатысты. Конкурстың қорытындысы бойынша елордалық қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті: II орын-2, III орын-1. Педагогтер «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының дипломдарымен марапатталды.
2024 жылдың 5 наурызында «Астана дарыны» орталығы Әлихан Бөкейхан атындағы Binom school мектеп-лицейімен бірлесіп 8-10 сынып оқушылары арасында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханға арналған «Ұлттың Ұлы тұлғасы» қалалық байқауын өткізді. Мақсаты – жас ұрпақты ұлттық рухта тəрбиелеу және адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, әмбебап ғалым Ә.Бөкейханның құнды мұраларын дəріптеп, халық үшін атқарған қызметін насихаттау, саяси, мәдени, экономикалық, әдеби-публицистикалық мұрасын көпшілікке танымал ету. Байқауға 4 номинация бойынша елордалық білім беру ұйымдарынан 164оқушы қатысты («Ә.Бөкейхан – ұлт жанашыры» эссе жазу номинациясы-65, «Ұлт көсемі – Әлихан» жас ақындар номинациясы-30, «Алаштың Әлиханы» буктрейлер номинациясы»-37, «Әлихан жүрген ізбенен» комикстер номинациясы-32). Байқаудың қорытындысы бойыншақатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:
- «Ә. Бөкейхан – ұлт жанашыры» номинациясы бойынша:І орын-5,ІІ орын-7, ІІІ орын-15, грамота-9;
- «Ұлт көсемі – Әлихан» жас ақындар номинациясы бойынша:І орын-1, ІІ орын-4, ІІІ орын-5, грамота-4;
- «Алаштың Әлиханы» буктрейлер номинациясы бойынша:І-2,ІІ орын-3, ІІІ орын-8, грамота-6;
- «Әлихан жүрген ізбенен» бойынша:І орын-3, ІІ орын-4, ІІІ орын-9, грамота-8;
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Астана дарыны» орталығының дипломдары және грамоталарымен марапатталды.
2024 жылдың 16 наурызында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Қазақстан математика мұғалімдері қауымдастығымен бірлесе отырып, № 59 мектеп-лицейі базасында физика-математика мұғалімдеріне арналған олимпиада өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – ұстаздардың беделін арттыру, кәсіби шеберлігін анықталады. Олимпиадаға қатысушыларға «Астана дарыны» орталығы мен Қазақстан математика насихаттау, тәжірибемен алмасу. Олимпиадаға 105 педагог қатысып, 29-ы жетістікке жетті: І орын-7, ІІ орын-9, ІІІ орын-13.
Қатысушыларға «Астана дарыны» орталығы мен Қазақстан математика мұғалімдері қауымдастығының сертификаты табысталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Орталықтың диплом, грамоталарымен марапатталады.
2024 жылдың 26 наурызында «Астана дарыны» орталығы № 61 Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-лицейімен бірлесе отырып қазақтың біртуар перзенті, ғұлама ғалым, тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Әлем таныған Қаныш» республикалық ғылыми-танымдық конференциясын өткізді. Конференцияға келген қонақтар «Шаттық-2023» XVI қалалық шығармашылық байқауының «Алтын медаль» иегері «Шабыт» оркестрінің өнерін тамашалап, академик Қаныш Сәтбаев мұражайымен танысты. Ал мектеп ұжымының қатысуымен дайындалған «Қазақтың Қанышы» сахналық қойылымы көпшілік көңілінен шықты.
2024 жылдың 28 наурыз күні № 22 мектеп-гимназиясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен әдіскерлері арасында «Балабақша – жетістік пен денсаулық бастауы» қалалық конкурсы өтті.
Мақсаты: педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату. Конкурсқа елордалық 9 мектепке дейінгі білім беру ұйымынан 13 тәрбиеші қатысты. Конкурстың қорытындысына сәйкес «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті: І орын-1, ІІ орын-2, ІІІ орын-3. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» орталығының дипломдарымен марапатталды.
2024 жылдың 12-14 наурыз аралығында елордалық білім беру мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары (14-16 жас) арасында «JasSkills Astana-2024» қалалық чемпионатының іріктеу кезеңі өтті. 3 күнге созылған іріктеу кезеңіне 8 құзыреттілік бойынша 55 білім беру мекелерінен 178 оқушы бақтарын сынады. Нәтижесінде:
- «Веб технология» құзыреттілігі бойынша 31 оқушы қатысып, үздік 6 оқушы қалалық кезеңге жолдама алды. I орын-1, II орын-2, III орын-3.
- «Графикалық дизайн» құзыреті бойынша 28 оқушы қатысып, қалалық кезеңге 6 оқушы өтті:
- «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреті бойынша 27 оқушы қатысып, 6 оқушы келесі кезеңге жолдама алды: I орын-1, II орын-2, III орын-3;
- «Кәсіпкерлік» құзыреттіліктен 16 команда (32 оқушы) қатысып, 5 команда келесі кезеңге өтті: I орын – 2 оқушы, II орын- оқушы, III орын -4 оқушы;
- «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша 10 оқушы қатысып, қалалық кезеңге 6 оқушы жолдама алды: I орын-1, II орын-2, III орын -3;
- «Мейрамхана қызметі» құзыреттілігі бойынша 11 оқушы қатысып, 7 оқушы қалалық кезеңге өтті: I орын-1, II орын-2, III орын -3;
- «Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша 9 оқушы қатысып, 5 оқушы қалалық кезеңге жолдама алды: I орын-1, II орын-1, III орын -3;
- «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша 15 команда (30 оқушы) қатысып, 6 команда қалалық кезеңге жолдама алды. I орын-1, II орын -2, III орын-3.
2024 жылдың 3 сәуір күні 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған қаржы және экономикадан республикалық олимпиаданың II (іріктеу) кезеңі өтті. Іріктеу кезеңіне 12 оқушы қатысып, 5 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.
2024 жылдың 6 сәуір күні 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық Қ.Бітібаева атындағы олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Аталған олимпиадаға 62 оқушы қатысып, 28 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын-6, ІІ орын-11, ІІІ орын-11.
2024 жылдың 19 сәуір күні мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қалалық «Көркемсөз шеберлері» мәнерлеп оқу байқауының іріктеу кезеңіне 76 бала қатысып, оның 38- і қалалық кезеңге өтті.
2024 жылдың 24 сәуір күні Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған олимпиада өтті. Олимпиадаға 19 оқушы қатысып, 11 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын-8, ІІ орын-1, ІІІ орын-2.
2024 жылдың 27 сәуір күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 3-4 сынып оқушыларына арналған қалалық олимпиада өтті. Олимпиадаға 1294 оқушы қатысып, 614 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын-125, ІІ орын-185, ІІІ орын-304.
2024 жылдың 27-30 сәуір аралығында Республикалық қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған олимпиада өтті. Олимпиадаға 45 оқушы қатысып, 22 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын-6, ІІ орын-6, ІІІ орын-10.
2024 жылы 5 сәуірде «Ілияс Жансүгіров атындағы№58 мектеп-гимназиясының базасында жалпы орта білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «І.Жансүгіров оқулары» байқауының қалалық кезеңіөтті. Байқауға 175 оқушы қатысып, бес номинация бойынша бақтарын сынады. Жеңімпаздар саны-72:Бас жүлде-5,І орын-9, ІІ орын-21, ІІІ орын-37, грамота-28.
2024 жылы 10 сәуірде №57 орта мектебінің базасында республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының қалалық кезеңі өтті. Білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында өткен байқауға 157 оқушы қатысты. Жеңімпаздар саны-63: Бас жүлде-3,І орын-11, ІІ орын-20, ІІІ орын-29, грамота-28.
2024 жылы 12 сәуірде әл-Фараби атындағы атындағы Оқушылар сарайының базасында қалалық «Ғылымдағы дебют» ғылыми жобалар конкурсы өтті. Білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында өткен байқауға 107 оқушы қатысып, 3 секция бойынша бақтарын сынады. Жоба саны-73. Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша жүлдегерлер саны-48: І орын-6, ІІ орын-14, ІІІ орын-28, грамота-17.
2024 жылы 20 сәуірде№74 мектеп-гимназиясының базасында республикалық М.Мақатаев оқуларының қалалық кезеңі өтті. Білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған шараға 95 оқушы қатысып, 3 номинация бойынша бақ сынады.
Жеңімпаздар саны-39: Бас жүлде -3, І орын-5, ІІ орын-11, ІІІ орын-20, грамота-12.
2024 жылы 24 сәуірдеӘ. Кекілбаев атындағы BINOM School мектеп-лицейініңбазасында республикалық «Әбіш оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсының қалалық кезеңі өтті.
Конкурсқа 109 оқушы қатысып, 4 бағыт бойынша бақтарын сынады. Жеңімпаздар саны-36: І орын-4, ІІ орын-11, ІІІ орын-21, грамота-17.
2024 жылдың 12 сәуір күні «Астана дарыны» орталығыҚ. Сәтбаев атындағы № 61 МЛ бірлесе отырып «Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы» қалалық ғылыми жоба байқауын өткізді.
Мақсаты – Қаныш Сәтбаев мұрасын кеңінен насихаттай отырып, Қазақстанның дамуындағы ғалымның ғылыми мол мұрасын дәріптеу. Іс-шараға 8-11 сыныптың 38 оқушысы қатысты (сараптама кезеңінде 62 жұмыс қаралып, оның 38-і келесі кезеңге өтті). Байқаудың қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді: І орын-2, II орын- 5, III орын -11, грамота – 9.
2024 жылдың 19 сәуір күні «Астана дарыны» орталығы Қ.Мұхамедханов ат. № 90 гимназиямен бірлесіп ғалым, абайтанушы, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драматург, аудармашы, педагог, Семей қаласындағы Абай мұражайының негізін қалаушы, Қазақ КСР Мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы Қайым Мұхамедхановқа арналған қалалық «Қайым оқуларын» ұйымдастырды.
Мақсаты–мектеп оқушыларын Қ.Мұхамедхановтың тарихи және әдеби мұрасымен таныстыру, әдеби тіл байлығын кеңейту, көркем сөз оқу шеберлігін арттыру, шығармаларының рухани құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіру.
Оқуларға 54 мектептен 8-10 сыныптың 85 оқушысы қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей нәтижеге қол жеткізді: І орын-3, II орын-10, III орын-17, грамота-20.
2023 жылдың 20 сәуір күні«Астана дарыны» орталығы № 52 МГ бірлесіп Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша өтетін «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты қалалық олимпиадасын өткізді.
Мақсаты – білім алушылардың жалпы пәндер (қазақ, орыс, ағылшын тілдері, қазақ әдебиеті, тарих, математика) бойынша бәсекелесе алу қабілетіне жол ашу, дарынды балалардың ғылыми-танымдық белсенділігін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды саралай, бағалай білуге баулу.
Олимпиадаға 238 оқушы қатысып, оның 138-і төмендегідей нәтиже көрсетті:І орын-46, ІІ орын-46, ІІІ орын-46.
2024 жылдың 20 сәуір күні «Астана дарыны» орталығы «NURORDA» МЛ бірлесіп 5-6 сынып оқушылары арасында «NURORDA Junior Olympiad» математикалық олимпиадасын өткізді.
Мақсаты – математика пәніне қабілеті жоғары, дарынды балаларды анықтап, ынталандыру арқылы оқушылардың математикалық білімін жетілдіру және пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Олимпиадаға 242 оқушы қатысып, төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді: І орын-55, ІІ орын-78, ІІІ орын-109.
2024 жылдың 26 сәуір күні «Астана дарыны» орталығы Абай Құнанбайұлы атындағы № 87 МГ бірлесіп 3-4-сынып оқушылары арасында қалалық «Бала Абай» байқауын өткізді. Мақсаты – бала Абайдың балалық шағын дәріптей отырып, Абай шығармаларын сүйіп оқуға баулу, шығармашылықтарын шыңдау.
Байқауға 264 оқушы қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша 134 қатысушы төмендегідей нәтиже көрсетті: I орын-19, II орын-39, III орын-64, грамота-12.
2024 жылдың 26 сәуір күні «Астана дарыны» орталығы Абай Құнанбайұлы ат. № 87 МГ бірлесіп 9-10 сынып оқушыларына арналған «… Бір ғалымды көрсеңіз» IV қалалық ғылыми жобалар конкурсын өткізді.
Мақсаты – Абайдың мұрасын зерттеу арқылы бүгінгі жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру. Конкурсқа 20 оқушы қатысты. Конкурстың қорытындысы бойынша 11 қатысушы төмендегідей нәтиже көрсетті: І орын-2, ІІ орын-2, ІІІ орын-3, грамота -4.
2024 жылдың 27 сәуірінде № 52 мектеп-гимназиясында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Астана қаласы білім беру орталықтарының қауымдастығымен бірлесіп «Kazakhstan Speaks English 2024» ағылшын тілі олимпиадасының аудандық кезеңін өткізді.
Олимпиаданың аудандық кезеңіне мектепішілік кезеңнің 150 жеңімпазы қатысты.Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті: I орын-4, II орын-11, III орын-29 , грамота-38 (5 сынып: I орын- 3, II орын-10, III орын-13, грамота-18; 6 сынып: I орын-1, II орын-1, III орын-16, грамота-20).
2024 жылдың 22 сәуір айында Астана қаласы №87 мектеп-гимназиясында гуманитарлық бағыттағы пәндер (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері, тарих, құқық) бойынша «Педагогикалық идеялар панорамасы» қалалық байқауын өткізді. Байқауға 34 елордалық білім беру ұйымынан сараптамадан өткен 51 педагогтің 47-і қатысты. Конкурстың қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті: І орын-4, ІІ орын-8, ІІІ орын-11, грамота-11.
2024 жылдың 23 сәуірінде № 82 «Дарын» мамандандырылған лицейінде орта білім беру ұйымдары директорларының бейіндік оқыту бойынша орынбасарларына арналған «Ғылымға жол: жас өнертапқыштардың зерттеулері мен жобалары» семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты – оқушылардың зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту, педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, ғылыми-әдістемелік бағыттағы жұмыстарды жандандыру.
Семинарға педагогтер белсене қатысып, спикерлер мен қатысушылар арасында пікірталас өтті.
Ағымдағы жылдың 23-24 сәуір аралығында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «Шексіз өмір» республикалық фестивалінің іріктеу кезеңін қашықтық форматында өткізді.
Фестивальдің негізгі мақсаты – ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар шығармашыл дарынды балаларды анықтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізілді:
1) Вокалдық орындау: жеке ән айту, вокалдық ұжым, ымдау тілінде ән айту.
2) Би билеу, оның ішінде арбамен билеу.
3) Көркем шығармашылық: кескіндеме, портрет, графика, фотоөнер.
4) Сәндік-қолданбалы шығармашылық.
5) Техникалық өнертабыстар;
6) Компьютерлік әзірлемелер, робототехника
Нәтижесінде:
- Вокалдық орындау номинациясы бойынша:
I орын-1, II орын -2, III орын-2, грамота-3;
2) Би өнері номинациясы бойынша:
I орын-1, II орын-1,III орын-1, грамота-2;
3) Көркем шығармашылық номинация бойынша:I орын-1, II орын-2, III орын-5, грамота-11;
4) Сәндік-қолданбалы шығармашылық номинациясы бойынша:
I орын-1, II орын-1, III орын-3, дипломант-4;
5) Техникалық өнертабыстар номинациясы бойынша:
I орын-1; II орын-1;
6) Компьютерлік әзірлемелер, робототехника номинациясы бойынша:
I орын-1, II орын-1, III орын-1, грамота-2.
29-30 сәуір аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Шексіз өмір» республикалық фестивалі қашықтық форматында өткізілді.
Фестивальдің негізгі мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін шығармашыл дарынды балаларды анықтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Нәтижесінде:сәндік-қолданбалы шығармашылық номинациясы бойынша:I орын-1; компьютерлік әзірлемелер, робототехника номинациясы бойынша: I орын-1; вокалдық орындау номинациясы бойынша: II орын-1, техникалық өнертабыстар номинациясы бойынша: I орын-1; көркем шығармашылық номинация бойынша: грамота-1; би өнері номинациясы бойынша: грамота-1.
2024 жылдың 3 мамыр күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне жалпы 7 сынып бойынша 472 оқушы қатысып, 211 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын-30, ІІ орын-59, ІІІ орын-122. 8 сынып бойынша-568 оқушы қатысып, 251 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын-38, ІІ орын-86, ІІІ орын-127.
2024 жылдың 12-14 мамыр күндері 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық Қ.Бітібаева атындағы олимпиаданың өтті. Республикалық кезеңге жалпы 13 оқушы қатысып, 8 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын-2, ІІ орын-3, ІІІ орын-3.
2024 жылдың 13-15 мамыр аралығында химия және биология пәндерінен 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада өтті. Олимпиадаға 13 оқушы қатысып, 8 қатысушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын-3, ІІ орын-4, ІІІ орын-1.
2024 жылдың 16 мамыр күні 7-8 сынып оқушыларына арналған география пәнінен Ұлттық олимпиаданың республикалық кезеңі өтті. Астана қаласынан республикалық кезеңге 5 қатысушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша: ІІ орын-1, ІІІ орын-2.
2024 жылдың 16 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілеріне арналған XVІІ «Жұлдызды жол» қалалық интеллектуалдық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Аудандық кезеңге 76 тәрбиеленуші қатысып, 32 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын-5, ІІ орын-6, ІІІ орын-21.
2024 жылдың 21-22 мамыр аралығында Астана қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер (математика, физика, химия, биология, география және информатика) бойынша Республикалық олимпиада өтті. Олимпиадаға Астана қаласынан 26 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша елордалық оқушылар жоғары нәтиже (өнімділік сапасы – 70%) көрсетті: І орын-5, ІІ орын-6, ІІІ орын-7.
2024 жылдың 22 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілеріне арналған XVІІ «Жұлдызды жол» қалалық интеллектуалдық олимпиада өтті. Қалалық кезеңге 58 тәрбиеленуші қатысып, 36 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын-6, ІІ орын-15, ІІІ орын-15.
2024 жылдың 23 мамыр күні «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 7-11 сынып оқушылары арасынан барлығы-11 оқушы қатысып, 6 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын-1, ІІ орын-2, ІІІ орын-3.
2024 жылдың 26-31 мамыр аралығында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында Аль-Хорезми атындағы халықаралық математикадан олимпиада өтті. Халықаралық олимпиадаға Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан мемлекеттерінен 100-ге жуық қатысушы бақтарын сынады. Халықаралық додада Астана қаласының намысын 2 оқушы қорғап, жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын-1, ІІ орын-1.
2024 жылдың 29 мамырда мектепке дейінгі ұйымдар арасында жазғы сауықтыру кезеңін үздік ұйымдастыруға арналған «Алақай, жаз келді!» республикалық байқауы өтті. Астана қаласынан 1 оқушы қатысты.
2024 жылғы 4 мамырда күні №51 мектеп-гимназиясының базасында 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға 100 оқушы қатысып үш номинация бойынша бақтарын сынады. Жеңімпаздар саны-39: І орын-3, ІІ орын-11, ІІІ орын-25, грамота-16.
2024 жылғы 11 мамырда Абай Құнанбайұлы атындағы № 87 мектеп-гимназиясының базасында білім беру мекемелерінің 8–11 сынып оқушылары арасында «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының қалалық кезеңі өтті. Байқауға 116 оқушы қатысып, 6 секция бойынша бақтарын сынады. Жеңімпаздар саны-52: І орын-6, ІІ орын-13, ІІІ орын-33.
2024 жылдың 3 мамыр күні №86 мектеп- гимназиясында «М.О. Әуезовтің рухани шәкірттері» аймақтық ғылыми жобалар байқауы өтті.
Байқауға елордалық білім беру мекемелерінен 25 оқушы, Жамбыл облысынан 3 оқушы қатысты. Жеңімпаздар саны-13: І орын-2, ІІ орын-5, ІІІ орын-6.
2024 жылдың 4 мамыр күні № 84 мектеп-лицейінде Kazakhstan Speaks English 5-6 сынып оқушылары арасында ағылшын тілі бойынша олимпиаданың қалалық кезеңін өткізілді. Олимпиадаға аудандық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері болған 42 оқушы қатысты (25 оқушы 5 сыныптан, 17 оқушы 6 сыныптан).
Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті:
– 5 сыныптар-3 жүлделі орын (І орын-1, ІІ орын-1, ІІІ орын-1);
– 6 сыныптар-3 жүлделі орын (І орын-1, ІІ орын-1, ІІІ орын-1).
2024 жылдың 15 мамыр күні Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom school мектеп-лицейі бірлесіп 5-9 сынып оқушылары арасында «Қадыр сыры» қалалық байқауы өткізілді. Іс-шараға 22 білім беру мекемелерінен 51 оқушы қатысты. Жеңімпаздар саны-24: І орын-6, II орын-8, III орын-10 , грамота-12.
2024 жылдың 18мамырында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы зертханасы бойынша өтетін «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты ауызша командалық олимпиаданың республикалық кезеңін ұйымдастырылды.
Республиканың Алматы, Атырау, Павлодар облыстары мен Алматы, Астана қалаларының 1–8, 10-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып отырған олимпиадаға 238 оқушы қатысып, 138 оқушы жеңімпаз атанды: І орын -46, II орын-46, III орын-46. 73 астаналық оқушы келесі кезеңге жолдама алды.
2024 жылдың 18 мамырында Кәрім Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейінде 3-5-сынып оқушылары арасында «Scratch ортасында бағдарламалау» зияткерлік-шығармашылық байқауы өтті.
Байқауға елорда білім беру мекемелерінен 190 оқушы қатысты.Байқау қортындысы бойынша қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді: І орын-17, II орын-26, III орын-37.
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 17-28 мамыр аралығында елордалық білім беру мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары (14-16 жас) арасында «JasSkills Astana-2024» қалалық чемпионаты өтті. Чемпионатқа 8 құзыреттілік бойынша 27 білім беру мекелерінен 48 оқушы қатысты.
Нәтижесінде-30 жеңімпаз: I орын-10, II орын-10, III орын-10, Медальон-10.
2024 жылдың 20-21 мамыр күндері «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумы қашықтық форматында өтті.
Форумның мақсаты: Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту.
Форумға 180-ге жуық оқушы қатысты, олардың қатарында елордалық 9 оқушы бар. Астаналық оқушыларымыз жоғары нәтиже көрсетіп, 2 алтын медаль иеленді.