М. Мақатаев оқулары: астаналық сайыскер арнайы жүлдеге ие болды

2024 жылдың 16-18 маусым күндері аралығында Алматы облысы Райымбек  ауданы Қарасаз ауылында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен, Алматы  облысы Білім басқармасы және «Жас Дарын» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен « М.Мақатаев оқулары» байқауы өтті.

    Ақиық ақынның туған ауылындағы Е.Ібітанов атындағы мәдениет үйінің  төрінде еліміздің әр өңірінен келген  51 оқушы «Айтып өткен ақында арман бар ма?» ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу; «Жыр эстафетасы» («Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек! Райымбек!», «Алтай-Атырау» поэмаларын жатқа айту); «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» жас ақындар сайысы номинациялары бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

    Байқаудың қорытынды кезеңінде «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» номинациясында бақ сынаған  Астана қаласындағы №76 мектеп-лицейінің 10 – сынып оқушысы Қайратұлы Абылай  Райымбек ауданы әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталып, 50000 теңге сертификатын жеңіп алды.

Жүлдегерімізді құттықтаймыз!