Құттықтаймыз!!!

        2024 жылы маусымның 9 -14  күндері  Өзбекстан Республикасының Бұхара қаласында  биологиядан Авиценна атындағы халықаралық олимпиада өтті. 

        Олимпиадаға 18 елден  100-ден аса оқушы қатысты. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы 8 медаль жеңіп алды: 4 күміс және 4 қола.

        Команда құрамында ел намысын қорғаған  астаналық талантты зияткерлер: дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Бақтыбай Ғалымжан және «Нұрорда» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Амангелді Дана жеңіс тұғырына көтеріліп, күміс медаль иеленді.

       Елордалық жеңімпаздарды құттықтаймыз!