«Қазақстанның интеллектуалдық әлеуеті» тақырыбында оқушылар ғылыми қоғамы (ОҒҚ) қалалық конкурсы

   2024 жылдың маусым айының 13 күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Астаналық білім беру ұйымдарындағы ОҒҚ қызметін анықтап,  озық тәжірибесін насихаттау мақсатында «Қазақстанның интеллектуалдық әлеуеті» тақырыбында оқушылар ғылыми қоғамы (ОҒҚ) қалалық конкурсын өткізді.

Конкурс келесі командалық құрылым бойынша өтті:

  • мектеп директорының бейіндік ісі жөніндегі  орынбасары;
  • ОҒҚ жетекшісі;
  • педагог – психолог;
  • ғылыми жобалар мен олимпиадаларға дайындаған жетекші мұғалім.

Конкурсқа 11 мектептен 41  педагог қатысып, төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:

  І орын – 2 (№ 9 «Зерде» мамандандырылған лицейі, №4 МГ);

  ІІ орын – 4 (№17 МГ,  №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі,                    №87 МГ, Қаныш Сәтпаев атындағы Blnom School МЛ);

  ІІІ орын – 2 (№67 Г,  Қадыр Мырза Әлі атындағы Blnom School МЛ);

  Грамота – 3  (№43 0М, №78 МГ, Astana Garden School).

Жеңімпаз бен жүлдегерлерді құттықтаймыз!