Елорда қоржынында 2 күміс, 1 қола медаль және арнайы жүлде!

2024 жылы маусымның 10-13 күндері аралығында ұлылар мекені – қасиетті Абай елінде өткен XXV Мерейтойлық республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсында астаналық дарындар жүлделі орындарды иеленіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Білім мен өнер додасында  бақтарын сынаған елордалық 6 оқушының 4-і жеңімпаз атанды. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» бағыты бойынша №87 мектеп-гимназиясының 10 -сынып оқушысы Азаматқызы Саяжан мен «Көңілім әнді ұғады» бағыты бойынша №49 орта мектебінің 10 – сынып оқушысы Мукашев Тәңірберген II орынды иеленсе, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағытында №87 мектеп-гимназиясының 9- сынып оқушысы  Махсұтханова Айғаным III орын алды. Ал  «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі»бағытында сайысқан №87 мектеп-гимназиясының 11 – сынып оқушысы Арғынбаева Ұлпан  арнайы жүлдемен марапатталды.

 ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен Абай облысының «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінде өткізілген дәстүрлі шараға республика бойынша                   23 команда, 130-дан астам жас абайтанушы қатысты. Абай оқуларына қатысқан жас таланттар 6 бағыт бойынша өз бақтарын сынады.

                         Жеңімпаздарды жүлделерімен құттықтаймыз!