Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Абай облысының Абай ауданында XXV республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсы басталды.
Мерейлі шара қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаған ұлы ақын, заман кемеңгері Абай Құнанбайұлының кіндік қаны тамған қасиетті мекендегі «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінде маусымның 13-не дейін жалғасады.
Республикалық деңгейде ұйымдастырылып отырған білім мен өнер додасында елордалық 6 оқушы өнер көрсетеді. Олар:
- «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – №87 мектеп-гимназиясының 10 – сынып оқушысы Азаматқызы Саяжан ;
- «Абайдың қара сөздері» номинациясы–№87 мектеп-гимназиясының 10 – сынып оқушысы Мықтыбек Илияс;
- «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы – №87 мектеп-гимназиясының 9 – сынып оқушысы Рахимбаев Ердаулет;
- «Көңілім әнді ұғады» номинациясы – №49 орта мектебінің 10 – сынып оқушысы Мукашев Тәңірберген;
- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы – №87 мектеп-гимназиясының 9 – сынып оқушысы Махсұтханова Айғаным;
- «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» номинациясы – №87 мектеп-гимназиясының 11 – сынып оқушысы Арғынбаева Ұлпан.
Жас дарындардың жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз!