Физикадан Азия олимпиадасы: Қазақстан командасы қоржынында 7 медаль!

Физикадан Азия олимпиадасы – мектеп оқушыларына арналған жыл сайын ұйымдастырылатын  бірегей зияткерлік жарыс.

Жарыс  халықаралық физика олимпиадасының ережелері бойынша өткізіледі: бес сағаттық теориялық тур және бір немесе екі эксперименттік тур.

Малайзияның Кампар қаласында өткен 24-ші физикадан Азия олимпиадасында әлемнің 27 елінен 212 оқушы бақ сынады.

1 күміс, 6 қола медаль және 1 мақтау грамотасы – бұл Қазақстандық жас зияткерлердің жетістігі! Жеңімпаздар қатарында Астана қаласындағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы, елорданың мақтанышы Пшенбаев Амир бар.

          Қазақстан құрама командасын, сондай-ақ олардың ұстаздары мен жетекшілерін, ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз!