2024 жылдың 16-18 маусым күндері Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында өтетін республикалық М.Мақатаев оқуларына Астана қаласынан 3 оқушы қатысады.
Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру және мектеп оқушылары арасында М.Мақатаев шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын байқауға қалалық кезеңнің жеңімпаздары: №57 орта мектебінің 10 – сынып оқушысы Енсебаева Гулназ – «Айтып өткен ақында арман бар ма?», №24 орта мектебінің 9 – сынып оқушысы Әмзехан Анель – «Жыр эстафетасы» және№76 мектеп-гимназияның 10 – сынып оқушысы Қайратұлы Абылай – «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» номинациялары бойынша бақтарын сынайды.
Жас дарындарға сәттілік тілейміз!
![](https://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2024/06/Инстаграм-История-Instagram-Story-Книжный-Блог-Вопрос-Ответ-Что-Почитать-Публикация-в-Instagram-2-1024x1024.jpg)